Жұма, 22 Қараша 2024
Саясат 32081 0 пікір 23 Ақпан, 2021 сағат 14:35

Грузия оппозициясының лидері Ника Мелия ұсталды

Грузияның "Біртұтас ұлттық қозғалыс" (БҰҚ) оппозициялық партиясының лидері Ника Мелияны полиция арнайы операциямен ұстады деп хабарлайды "Эхо Кавказ". Ұстау кезінде көзден жас ағызатын газ қолданған.

Ұстау операциясы БҰҚ кеңсесінде таңғы Тблиси уақытымен сағат 7:30-де басталған. Кеңсенің есік, мүліктеріне зақым келген. "Грузия жаңалықтары" порталының хабарлауынша, Мелияны кеңсе аумағынан брондалған көлікпен алып кеткен.

"Біртұтас ұлттық қозғалыс" жетекшісі 2019 жылдың 20 маусым айында "Гаврилов түні" деген атпен танымал тәртіпсіздікке ұласқан акцияны ұйымдастырды деп айыпталып жатыр. Парламент оның депутаттық қол сұғылмаушылық мәртебесін алып тастады. Кейін Тблиси қалалық соты оны қамауға алу туралы шешім шығарды.

18 ақпанда елдің премьер-министрі болған Георгий Гахария отставкаға кетті. Ол Ника Мелия​ға қатысты сот шешімімен келіспейтінін жеткізді.

Ел парламенті премьер-министрлікке Ираклия Гарибашвилидің кандидатурасын ұсынды. Ол оппозициялық саясаткерді "криминал" деп атады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5246