Бейсенбі, 19 Қараша 2026
Жаңалықтар 99 0 пікір 19 Қараша, 2026 сағат 16:22

Қазақ күресі Азия ойындарына енгізілуі мүмкін!

Сурет: Туризм және спорт министрлігі / kaz.inform.kz.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ұлттық спорт түрлерінің халықаралық деңгейде дамуы туралы айтты.

«Қазіргі таңда елімізде 11 ұлттық спорт түрі бар. Бүгінде қазақ күресі мен тоғызқұмалақтан әлемнің 50-ден астам елінде федерациялар құрылған. Жуырда Қазақстанға Азия Олимпиада кеңесінің бас хатшысы келеді.

Біз қазақ күресін жабық ғимараттағы Азия ойындарының бағдарламасына енгізу жөнінде өтініш бердік.

Тоғызқұмалақ спорты да елімізде және халықаралық деңгейде қарқынды дамып келеді. Бұл спорт түрінен әлем және Азия чемпионаттары тұрақты түрде өткізіліп жүр.

Алдағы уақытта тоғызқұмалақты да халықаралық кешенді спорт жарыстарының бағдарламасына енгізуге күш саламыз», – деді министр.

Abai.kz

0 пікір