Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3755 0 пікір 27 Наурыз, 2012 сағат 07:35

Вы женщина националистка, зная русский, почему говорите на казахском?!

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың,

Парламент депутаттарының,

Үкімет басшысы К. Мәсімовтің назарына

Денсаулық сақтау министрлігіне,

Ішкі істер министрлігіне,

павлодар облысы әкімі Е.Арын мырзаға,

павлодар қаласының әкімі О. Қайргельдинов мырзаға,

павлодар облысы Денсаулық сақтау Басқармасына,

павлодар облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметтерді бақылау комитеті департаментіне,

БАҚ құралдарына

 

 

Құрметті Салидат ханым!

Мен, Бейсенбай тегі Р.З., Кереку (павлодар) қаласының тұрғыны, 18.03.2012 жылы, бұған дейін Сіздің атыңызға жазған хатымда айтылғандай қазақ тілінде сөйлегенім үшін қызмет көрсетпеген дәріханашының кесірінен ала алмаған дәрілерімді алмақшы болып, келесі күні қаладағы Лермонтов көшесінде 106-шы үйде орналасқан дәріханаға кешкі сағат 19 -дың шамасында тағы бардым. Келген бетте дәріханашы: «Опять появилась!» деп қарсы алды.  Алдында мынадай жағдай болды. Сізге жазған хаттың көшірмесінде көрсетілген  Департаментке қоңырау шалғанымда Зәуреш Шорманқызы деген қызметкер: «Сағат 17-ге дәріхана меншігіне кіретін ЖШС-тің басшысын шақырдық. Сөйлесеміз, содан кейін кеше ала алмағандарыңызды ала беруге болады» деді.

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың,

Парламент депутаттарының,

Үкімет басшысы К. Мәсімовтің назарына

Денсаулық сақтау министрлігіне,

Ішкі істер министрлігіне,

павлодар облысы әкімі Е.Арын мырзаға,

павлодар қаласының әкімі О. Қайргельдинов мырзаға,

павлодар облысы Денсаулық сақтау Басқармасына,

павлодар облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметтерді бақылау комитеті департаментіне,

БАҚ құралдарына

 

 

Құрметті Салидат ханым!

Мен, Бейсенбай тегі Р.З., Кереку (павлодар) қаласының тұрғыны, 18.03.2012 жылы, бұған дейін Сіздің атыңызға жазған хатымда айтылғандай қазақ тілінде сөйлегенім үшін қызмет көрсетпеген дәріханашының кесірінен ала алмаған дәрілерімді алмақшы болып, келесі күні қаладағы Лермонтов көшесінде 106-шы үйде орналасқан дәріханаға кешкі сағат 19 -дың шамасында тағы бардым. Келген бетте дәріханашы: «Опять появилась!» деп қарсы алды.  Алдында мынадай жағдай болды. Сізге жазған хаттың көшірмесінде көрсетілген  Департаментке қоңырау шалғанымда Зәуреш Шорманқызы деген қызметкер: «Сағат 17-ге дәріхана меншігіне кіретін ЖШС-тің басшысын шақырдық. Сөйлесеміз, содан кейін кеше ала алмағандарыңызды ала беруге болады» деді.

Ала алмаған дәрілерімді қайталап тағы сұрадым. Кеше ғана мені тілім үшін қорлаған қыздың орнына  келген басқа қазақ емес фармацевт: «Вы женщина националистка, зная русский, почему говорите на казахском?!» деп тағы дүрсе қоя берді. Менің соңымда кезекте тұрған 2 адамға: «Вот она хочет на казахском обслужится, нам работать не дает» деп, оларды маған қарсы қоймақшы болды. Абырой болғанда әлгі екі адам менің: «2-ші күн қазақ тілінде сөйлегенім үшін националистка, расистка атанып, дәрілерімді ала алмай жүрмін» дегенімді түсінді. Дәріханашы тарапынан «нацистка» деген сөз екі рет қайталанған соң, қалтафонымдағы диктофонды қосып, сұрағанымды талап етіп тұра бердім.

Ал, менен кейін кезекте тұрған орыстілділерге қызмет көрсетіле берді. 15-20 минуттай өткенде дәріхананың шақыртуымен «Стражник» ЖШС-нің күзет қызметкерлері келді. Өзін күзет бастығы Қайрбаев Қайрат деп таныстырған жігіт, көрші мемлекеттің тілінде: «Вы почему с русской девушкой разговариваете на казахском языке! Вы должны с ней говорить на русском!» деді. Диктофонымда барлық сөздері тұр. Ал, дәріханашылардың күзетке айтқан сөздері: «Начальница сказала, что нам дадут нормально работать! (Тек орыс тілінде деген сөзі ғой)»  Сонда медициналық және фармацевтикалық қызметтерді бақылау комитеті Департаменті кешкі сағат 17-ден кейін қазақтілділерге көңіл аудармай-ақ қойыңыздар, Қызметтеріңізді тек орыс тілінде жалғастыра беріңіздер деп айтқан ба?

Бұл масқараға кім жауап береді?

 

Кім «Стражник» ЖШС-нің бастығы Қайрбаев Қайраттың сандырағына кім жауап береді? Әлде орыстілділермен тек орыс тілінде сөйлесу керек деген заң бар ма екен?  Онда Үкіметті сондай заңнамалық нормамен таныстыруды талап етеміз!

 

Әлде біз Тәуелсіздігімізді көрші мемлекетке өткізіп жібердік пе? Бұлай деуімізге негыз жоқ емес. Себебі, Облыс әкімі Е.Арынның қабылдауы бөлмесіне қоңырау шалсаңыз: «Приемная акима области слушает» деген сөзді естисіз. Облыс аумағындағы барлық қала, аудан олардың аппарат жиындары тек көрші мемлекеттің тілінде өтеді. Мысалы, қала әкімі Ерлан Арын жұртшылықпен есеп-кездесуінде 5 минут мемлекеттік тілде, 25 (!)  минут көрші мемлекеттің тілінде сөйледі. Демек, облыс орталығының қазақтары облыстық әкімшілік тарапынан тілдік кемсітушілікке ұшырап отыр.

 

Жергілікті жорналшыларды, теледидаршыларды да шақырып, бастан кешкендерімді, мемлекеттік тілді табанға салып таптап жатқан фактілерді айтып бермекке бекінгенімде журналистер: «Елбасы жолдауында орыс тіліне қысым жасауға жол берілмейді деген. Біз ондайды түсіре де, жаза да алмаймыз. Жұмысымыздан айырылатын жайымыз жоқ» деген уәж айтты.

Айтыңызшы, қай жерде: «Орыстілділерге қызмет көрсетілмейді, олар сол тілде сөйлегені үшін нацист, расист» дегенді естігеніңіз бар ма?! Жоқ. Қазақ тілінде сөйлесең «нацист», «расист» болып шыға келесің және саған қызмет көрсетпейді.

 

Дәріханадағы тілдік кемсітушілік пен қорлаудан көрген соң, кешкісін жедел жәрдемге қоңырау соқтым.Тағы да сол: «Мы вас не понимаемы» шықты. Бастығыңызды шақыртыңыз, деп едім, басқа орыстілді әйел тұтқаны алып: «Что вам надо, если не разговариваете на русском, пригласите русскоговорящих соседей» деді. Орысша сөйлеуге мәжбүрлегендеріне қарсыласып қоймаған соң 10 минуттай уақыт өткенде ғана қазақша білетін адамды телефонға шақырды. Егер адам қатты науқас болып, көршілерге баратын жағдайы болмаса мемлекеттік тілде сөйлемейтін, түсінбейтін дәрігерлердің кесірінен (қалада жедел жәрдемнің жүру уақыты 15-20 минөт, оған тіл үшін тәжікелескен уақытты қосыңыз) сол арада адам өліп кетуі мүмкін ғой. Солай болып жатпасына кім кепіл? Осындай масқараға кім жауап береді?

 

Міне, Министр ханым, Сіз басқарып отырған министрлікке қарайтын облыстық медициналық мекемелердің мемлекетке және оның тіліне деген құрметі!Ал, менің айтарға сөзім жоқ!

Құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы

Үкімет, Жергілікті билік

Мен ешуақытта өз елімде, өз жерімде, өз мемлекетімде, өз тілімде сөйлегенім үшін «Нацист», «Расист» бола алмаймын!

Сіздердің алдарыңызға маған өз қаламда, елімде, мемлекетқұрушы қазақ ұлтының тілінде сөйлеуіме тосқауыл қойылмасын деген өтініш талабымды қойып отырмын!

Бейсенбай тегі Руза Зайкенқызы,

«Желтоқсан ақиқаты»

РҚБ павлодар облысы филиалының төрайымы, Кереку  қ., (павлодар, кешіріңіз, қала атауы Алексей-2ші патшаның павел атты баласының атымен әлі күнге аталып, отаршылықтың көз шұқыған айғағы болғандықтан, өз тарабымнан ылғы да кіші әріппен жазылады. Қаланың ғалымдармен дәлелденген тарихи атауы - Кереку)  Қайрбаев көшесі 104-136, тел. 8(7182) 51-10-50, 8-701-182-52-65, e-mail: ruza_7mail.ru

Жазылған жағдайлардың Кереку қаласында орын алып отырғанына күмәнданбайтын, растайтын азаматтар:

Нұрбаев Қ.Ж. т.ғ.д., профессор

Тойшыбай А. Республикалық «Оян намыс» жорналының тілшісі,

Қалиев Мақсұт, Азат ҚБ павлодар ф-лы төрағасы,

Сейдалиева Г. оралман,

Баязит Қ. теміржолшы,

Нұрсеитов С. облыстық «Қазақ тілі қоғамы» мүшесі,

Аябергенов Е. жастар белсендісі

«Абай-ақпарат»

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5302