Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Біздің шенеунік 14292 17 пікір 24 Ақпан, 2021 сағат 15:26

Екеуі де көне биліктің көне кадрлары...

Өткен аптада екі бірдей облыс әкімі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Ол екеуі де алпыстан асып, жетпіске таяған ақсақал әкімдер. Екеуі де көне биліктің көне кадрлары. Екеуі де бірнеше облысты басқарып, бірнеше министрліктің креслосын тоздырған. Екеуінің де жасы қарайлас (бірі 67-де, бірі 68-де). 

Ең қызығы ұқсастықтары көп екі әкім бір күнде кішігірім күтпеген оқиғаға тап болды. Зейнет жасынан 5 жас асып кетен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 19 ақпанда елге есеп беру жиналысын өткізді. Бердібек мырза биік мінберде көсіле сөйлеп тұрғанда трибунада ілулі тұрған елтаңба еденге құлап түсті. Көпті көрген көнекөз әкім елдіктің символы елтаңбаны еңкейіп алғанға ерінген болу керек, көмекшілеріне «алсаңдаршы ананы…», деп жекіп тастап, сөзін жалғай берді.

Дәл сол күні жылы кабинеттен шығып, ауыл аралауға бел буған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті де сәл ыңғайсыз жағдай күтіп тұр екен. Семей қаласына қарасты Абыралы өңіріндегі Қайнар ауылына барған Ахметов емханадағы есігі сынған шкафқа тап болды. Облыс әкімі әлгі емхананы аралап жүріп, есігі сынған шкафтан бөлек, су ақпайтын қолжуғыш пен өзге де ескірген жиһаздарды көрді. Жергілікті басшыларды сынаған болды.

Енді осы екі оқиғаның қанша қатысы бар дерсіз? Ең үлкен байланысы, екі әкімнің алдында құлаған екі зат елдегі жағдайдың тозғанын көрсететін секілді. Зат тозбаса, ескірмесе құламайды ғой. Демек, әкімдердің көзінше құлап жатқан елтаңба мен есік мемлекеттік мүліктің қаусап тозғанын көрсетеді. Тіпті мал-мүлік ғана емес, тұтас басқару жүйесінің ескіргені анық. Оған тозған заттарға куә болған қос зейнеткер әкім дәлел. Зейнет жасынан 4-5 жас асып кетен әкімдер, пайдалану мерзімі асып, сына бастаған жиһазбен қатар ел назарына ілігіп отыр.

Сөз соңында айтарымыз, біздің елде жасы алпыстан асса да, лауазымды қызметтерден кетпейтін зейнеткер кадрлар аз емес. Өзінің берері таусылған, елге берері бар жастарға жол ашпайтын сол басшылар елдің дамуына көп пайда тигізе алмасы анық. Сол үшін де елдің басқару жүйесі ескірді, кадрлары қартайды деп жиі айтамыз. Бұрыннан айтылып келе жатқан осы сындарды өткен аптадағы екі оқиға ел есіне қайта салды...

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1254
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2965
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3425