Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4156 0 пікір 28 Наурыз, 2012 сағат 07:07

Дін және ислам

2012 жылдың 26 наурыз күні сағат 12.00-де Семей көпсалалы колледж студенттерімен "Дін және ислам" атты кеш болып өтті. Кешке Тінібай мешітінің наип иманы Айбек Қалиасқарұлы арнайы шақыртылды.

Шараның мақсаты: қазіргі қоғамдағы жас ұрпақ арасында діндер туралы мәлімет беріп, дұрыс ақпарат тарату - өмір талабы. Себебі оңы мен солын, ақ пен қараны, жақсылық пен зұлымдықты енді ғана ажырата бастап, әлі толық қалыптасып үлгірмеген жас буынға дін туралы түсінік қалыптастыру арқылы оларды кесе-кедергілерден аман алып қалуға болады. Дін - халық мәдениетінің рухани негізі, баға жетпес құндылығы. Елімізде дін айналасында атқарылып жатқан шаруалар да аз емес. Биылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы Ұлы далада, яғни қазақ жерінде әлемдік дәстүрлі діндер өзінің бейбітшілік рухын ұялатқанын мәлім етті. Ұлтаралық, дінаралық татулығы бар елдің шоқтығы әрқашан биік болмақ!

Оқырмандар өздерінің ойларында жүрген сұрақтарын қойып иман Айбек Қалиасқарұлынан тартымды жауаптар ала білді. Шақырылған қонақ көптеген кітаптарды кітапханамызға тарту етті. «Ислам және өркениет» атты  ашық  көрме ұйымдастырылып, кеш соңында шолу өткізілді.

http://www.culturevko.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=492%3A2012-03-28-05-09-22&catid=1&Itemid=86&lang=kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303