«Борат-2» комедиясы «Алтын глобус» сыйлығын алды
«Борат-2» үздік комедия немесе мюзикл номинациясы бойынша Алтын глобус сыйлығын алды.
Бұл туралы "Алтын глобустың" Twitter-дегі ресми парақшасында хабарланған.
Ал Саша Барон Коэн "Комедия немесе мюзиклдегі ең үздік ер адам ролі" номинациясын жеңіп алды.
Сыйлықты Голливудтың шетелдік баспасөз қауымдастығы (HFPA) - 90 халықаралық журналистен тұратын топ табыстайды. Енді фильм "Оскар" номинациясына ілігуі тиіс.
"Борат-2" фильмінің сюжеті бойынша қазақстандық танымал журналист Борат Сағдиев тағы АҚШ-қа барады. Ол жақта елдің саяси өмірі мен алдағы президент саулауы туралы зерттейді. Адамдарды ызаландырады, коронавирус пандемиясымен қолға скороводка алып күреседі және демократтардың қарсыластарымен әңгімелеседі.
Фильм премьерасы 2020 жылы 23 қазанда Amazon Prime-да - АҚШ президентін сайлау қарсаңында болды.
Бірінші "Борат" 2006 жылы шыққан. Ол Қазақстанда көрсетуге тыйым салынған.
Abai.kz