Сейсенбі, 29 Қазан 2024
3730 0 пікір 10 Наурыз, 2021 сағат 15:23

Қарулы жиһад ұйымдастырмақ болғандар ұсталды

Қырғызстанның арнайы күштік құрылымдары террорлық топ мүшелерін ұстады. Топқа Сириядан тапсырма беріліп отырған. Олардың мақсаты "Қырғызстан жерінде қарулы жиһад жасау болған" дейді ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері.

«Ұсталған топ мүшелері Сириядан тапсырма алып отырған. Олардың мақсаты елдегі саяси және қоғамдық жағдайды ушықтырып, қарулы жиһад жасау болған. Топтың кей мүшелері Сириядағы халықаралық террорлық ұйымдардың базасында жаттығудан өткен.», — дейді ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері.

Содырларды ұстау операциясы 5-наурызда өткен. Топтың құрамында Қырғызстан және басқа да елдің азаматтары бар. Олар діни көзқарасы үшін бейбіт тұрғындарға шабуыл жасап, қолдан жасалған жарылғышты қолданбақ болған. Қазіргі таңда топқа мүше болуы мүмкін деген өзге де азаматтар іздестірілуде.

Abai.kz

0 пікір