Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 3963 0 пікір 12 Наурыз, 2021 сағат 14:55

Адвокат қызметі туралы заң жобалары қайта қаралады

Адвокат қызметі және заң көмегі туралы кейбір заң жобалары қайта қаралады. Бұл туралы Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Facebook-тегі парақшасында жазды. 

«Бүгін Мәжіліс бюросы маңызды шешім қабылдады. Ол туралы сіздермен бөлісуді жөн көріп отырмын. Сенатқа түзетулермен қайтарылған «Адвокаттық қызмет және заң көмегі сұрақтары жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалаық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша талқылау өтті. Кейбір түзетулер заң жобасының тұжырымдамалық нормаларын қозғайды және Мәжіліс позициясымен сай келмейді деп ойлаймыз.

Осыған орай, заң жобасының бөлек нормалары, соның ішінде заң консультанттарының Республикалық алқаға еркін мүшелік ету мәселесі бойынша келіспеушілік туындамауы үшін Мәжіліс пен Сенат депутаттарының қатарынан келістіруші комиссия құру туралы ұсынысты палатаның пленарлық отырысына енгізу туралы шешім қабылданды», - деді Қанат Мусин.

Abai.kz

0 пікір