Есіл өзенін тазартуға 266,9 миллион теңге жұмсалады

Есіл өзені мен оның салаларын санитарлық тазартуға 266,9 миллион теңге жұмсалады. Бұл туралы КазТАГ агенттігі хабарлады.
«Тапсырыс беруші - «Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану бөлімі «мемлекеттік мекемесі»; атауы - тереңдету және жинау жұмыстары; қосымша сипаттама - Есіл өзені мен оның салаларын және су бетін санитарлық тазарту; жоспарланған сома 2626964.285.71 тг. құрайды», - делінген мемлекеттік сатып алу порталында.
Байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау басталды және 19 наурызда сағат 16.45-те аяқталады.
Тазалау жұмыстарына: сүңгу, өзен арнасын қалқымалы сорғыштармен тазарту, жағалауларды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту, шөптер мен қамыстарды шабу және тағы басқалары кіреді.
Техникалық байқауға сәйкес, жұмыс 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталуы керек.
Abai.kz