Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2453 0 пікір 5 Сәуір, 2012 сағат 10:16

Жаңаөзендегі сот отырысына қатысып жатқан журналистерді орыс тіліндегі аудармамен қамтамасыз етудің реті жоқ

Жаңаөзен мәселесі бойынша сот отырысына қатысып жатқан журналистерді орыс тіліндегі аудармамен қамтамасыз етудің реті жоқ.

Бұл туралы бүгін Жаңаөзенде орын алған тәртіпсіздіктерге байланысты өтіп жатқан сот мәселесіне қатысты Астанада ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында белгілі заңгер, ҚР Президенті жанындағы Азаматтарға рақымшылық жасау жөніндегі комиссияның төрайымы Зинаида Федотова мәлім етті.

«Сот процесінде қазақ тілінен орыс тіліне ілеспе аударманың болмауына байланысты БАҚ-тарда көп айтылып жатыр. Меніңше, бұл тұрғыда заңнама талаптарын бұзу фактісі жоқ. Атап айтқанда, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады. Яғни, сот үдерісінен объективті ақпарат алғысы келген редакциялар қазақ тілі мен орыс тілін еркін меңгерген тілшілермен жасақталуы тиіс»,-деп тоқталды ол.

Комиссия төрайымының сөзіне қарағанда, заңнамада сот отырысын орыс тілімен қамтамасыз ету керек деген талаптар қарастырылмаған.

«Сот Маңғыстау облысында өтіп жатыр және бұндағы негізгі халықтың көпшілігі  тек қазақ тілінде сөйлейді. Бұдан бөлек, сот үдерісіне қатысушылар сот отырысын қазақ тілінде өткізуге келісті. Сондықтан қатысушылар үшін аударма жасау мүмкіндігі ұсынылды. Ал журналистер үшін, заңнамада аудармамен қамтамасыз ету қарастырылмаған. Шетелден келген журналистер де жергілікті халықтың тілінен аударманы өздері қамтамасыз етулері тиіс екендіктерін біледі»,-деп тоқталды З. Федотова.

Оның пайымдауынша, аударма төңірегіндегі бұл еш салмағы жоқ қолдан жасалған мәселе және оны аталған сот үдерісіне қатыстырудың реті жоқ.

Қазақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371