Сейсенбі, 1 Қыркүйек 2026
5152 2 пікір 24 Наурыз, 2021 сағат 13:24

Бабанов мемлекетті қолдауға 100 млн сом аударды

в газету без галстука флаг

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік комитеті бұрынғы депутат Өмірбек Бабановқа қатысты істің тоқтатылғанын мәлімдеді. Бабанов мемлекеттік бюджетке өз еркімен 100 млн сом қаржы аударған.

"Өмірбек Бабанов пен оған тиесілі болған қаржылық құрылымдарға ашылған іс заң аясында қарастырылып, мемлекетке, заңдық тұлғалар мен азаматтарға келтірген зияны жоқтығы дәлелденіп, іс тоқтатылды", - делінген ресми хабарламада.

Бабановтың мемлекеттік бюджетке аударған қаржысы тәркілеу емес, өз еркімен берген қаражат. Ол бұл қадамға мемлекетті қолдау үшін барған. Саясаткер өз еркімен 100 млн сом, теңгеге шаққанда 498 млн аударған. Бабановқа бұған дейін мемлекеттік билікті күшпен басып алмақ болды деген айып тағылған еді.

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 172
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 263
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 180
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 184