Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4486 9 пікір 24 Наурыз, 2021 сағат 15:05

Наурыз мейрамы қарсаңында ШҚО да үш мешіт ашылды

Наурыз мейрамы қарсаңында ШҚО да үш мешіттің тұсауы кесіліп, ораза айының алдында халықтың иігілігіне табысталды.  Қазақстан бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы бастан аяқ қатысты.

Семей қаласында ашылған Абай Құнанбайұлының есімін иемденген мешіттің құрлысы біраз жылдар бұрын басталып, қаржының жеткіліксіздігінен 2018 жылға дейін тек ірге таспен тұрған. 2018 жылы мецант, ШҚО дан шыққан, туған жеріне қашанда қамқорлығын аямай келе жатқан Дулат Тастакеевтің демеушілігімен  ASULTAS қоғамдық қорының нәтижелі жұмысы арқасында екі жылдың ішінде зәулім мешіт бой көтерді. Сыйымдылығы 3 мың адамға шақталған. Ашылу салтанаты шарасына зиялы қауым өкілдерінен А. Әшімов, А. Қоразбаев, М. Шаханов, Ұ. Есдәулет тб ШҚО дан шыққан ақын-жазушылар болды. Қала жұртшылығының да қарасы мол болды, дегенімен карантиндік тәртіппен мешітке  келушілер кезекпен кіріп шығып жатты.

«Бұл жер, қаладағы ең үлкен мешіт қана емес, әдемі де көрікті жерлердің біріне айналатыны сөзсіз» дейді қала тұрғыны, өзін Дамир деп таныстырған азамат.

Екінші мешіт Абай ауданы орталғы Қарауыл елдімекенінде ашылып Құнанбай қажының есімі берілсе, үшінші мешіт Абай ауданына қарасты

Құндызды ауылындағы Байтөлек қажы атындағы мешіт.

Құндызды ауылы балуан Айбек Нұғымаровтың ауылы, «Мешіт айналасы бір айдың ішінде күрделі жөндеуден өтіп, салынды, бұндай қысқа уақытта мешіт салып бітіру  тарихта болмаған» деді мақтанышпен балуан ағамыз...

Қасиетті Рамазан айы да жақындап келеді, мешіттердің халық игілігіне жаратылып, имандылық пен тақуалықтың ордасы болар күндер жақындап келеді.

Аида Қожмамбетова

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383