Бейсенбі, 8 Қазан 2026
5423 2 пікір 26 Наурыз, 2021 сағат 15:39

Бекетаев: Мен отставкаға кетпеймін

Әділет министрі Марат Бекетаев заңгерлердің «ведомство басшысын отставкаға жіберу» жөніндегі петициясына қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы Azattyq-ruhy сайты мәлімдеді.

Жуырда ғана еліміздің бірқатар адвокаттары, заң кеңесшілері және нотариустар Әділет министрін отставкаға жіберу туралы петицияға қол жинады. Өз кезегінде Марат Бекетаев аталған мәселеге қатысты пікірін білдірді.

- Мен петицияның мәтінімен танысып шықтым. Заң бойынша лауазымды тұлғалардың белгілі бір әрекеттеріне қатысты дау туғызатын өтініш сол лауазымды тұлғаларға тікелей бағытталмауы тиіс. Сондай-ақ, заң өтінішті қарау кезінде лауазымды тұлғаның оған әсер етуіне және көпшілік алдында талқылауға тыйым салады. Яғни әкімшілік процедураларға қатысты заң менің бұл мәселеге қатысты ойымды білдіруге тыйым салады. Мен әзірге отставкаға кетпеймін,- деді Марат Бекетаев.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 886
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1182