Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3421 0 пікір 26 Наурыз, 2021 сағат 20:17

А. Цой Алматыдағы медициналық ұйымдардың пандемия кезіндегі жұмысын тексерді

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды.

Министр қаладағы эпидемиологиялық ахуалмен танысып, коронавирус инфекциясымен күрестің тиімділігін арттыру бойынша міндеттер қойды. Сапардың негізгі мақсаттарының бірі – медициналық нысандарды халықты жаппай вакцинациялауға дайындығын тексеру және медициналық көмек көрсетудің проблемалық мәселелерінде әдіснамалық көмек көрсету болды.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы соңғы екі апта бойы КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі және жағдайы ауыр науқас саны бойынша қолайсыз аймақта тұр.

Мәселен, биыл 25 наурыздағы жағдай бойынша Алматыда КВИ жұқтырған пациенттерге арналған төсек-орын саны - 5180, бұл елдегі жалпы төсек-орын қорының 22%. Стационарда 1847 адам жатыр, төсек-орынның 36% науқас бар.

Министр қаладағы ірі стационарлардың бірі - №7 көпбейінді клиникалық ауруханада болды, онда 722 төсек бар. Орта есеппен мұнда тәулігіне 250-300 пациент түседі. Жылына 77 мың адам қаралады. Оның ішінде орта есеппен 30% -ы, яғни 23 мыңнан астам адам ауруханаға жатқызылады. Стационарға емдеуге жатқандардың 80% шұғыл және 20% жоспарлы түрде.

Клиниканы аралау барысында А.Цой қарқынды терапияны қажет ететін КВИ бар пациенттер үшін сапалы стационарлық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Денсаулық сақтау министрі жағдайы ауыр науқастар үшін реанимация жағдайында медициналық көмек көрсету тәжірибесі бар түрлі бейіндегі елдің ең үздік дәрігерлерін консультативтік көмекке тарту қажеттігін атап өтті.

Келесі нысан №4 қалалық емхана болды, оның базасында халықты коронавирус инфекциясынан вакцинациялау жүргізіледі.

Медициналық ұйымның басшысы кестеге сәйкес вакцинацияны жүргізу барысы туралы айтып берді, бірінші кезекте емхананың барлық медицина қызметкерлері, содан кейін педагогтар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ГАМ-КОВИД-ВАК вакцинасын алды.

Емхана бір мезгілде жалпы 83 690 адамға алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетеді, оның ішінде ересектер – 66 509, балалар – 17 181.

Денсаулық сақтау министрі бастапқы медициналық ұйымның медицина қызметкерлерінің назарын тіркелген халықты барынша қамту үшін жаппай вакцинациялауды нақты ұйымдастыру қажеттігіне аударды.

Сонымен қатар, ол емхана қызметкерлері үшін вакцинацияның оң әсері туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды екенін, бұл вирустың таралуымен күресудің жалғыз тәсілі екенін атап өтті.

Анықтама: 25 наурыздағы жағдай бойынша Алматы қаласында COVID-19 жұқтырған 31 307 науқас және ықтимал COVID-19 (ПТР -) диагнозымен 5 498 жағдайы тіркелді. 559 адам қайтыс болған (452 КВИ+, 107 КВИ-).
Соңғы 7 күн ішінде 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ+ сырқаттанушылық көрсеткіші - 141,0 құрады, RT репродуктивті саны 1,11 құрады. Соңғы тәулікте КВИ+ 341 жағдайы тіркелді, өсім 1,1 құрады.

Өткен аптада (18 наурыздан 24 наурызға дейін) алдыңғы аптамен салыстырғанда (11 наурыздан 17 наурызға дейін) аурудың 1,3 есе өсуі байқалады (2 033-тен 2 659 жағдайға дейін).

Аурудың ең жоғары көрсеткіші Бостандық, Әуезов, Медеу және Наурызбай аудандарында тіркелді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308