Қырғызстанда Қытай вакцинасын егу басталды
Қырғызстанда жаппай вакцинациялау басталды. Алғаш болып вакцинаны денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев алды.
Вакцинациялау Қытайдың Sinopharm вакцинасы арқылы жүруде. Оны Бейжің гуманитарлық көмек ретінде табыстаған. Министрдің сөзінше ресейлік "Спутника V" мамыр немесе маусым айларында келуі мүмкін.
"Бізге бастапқыда Pfizer вакцинасын ұсынған болатын, алайда бізде оны сақтайтын мүмкіндік болмады. Сондықтан екінші мәрте бізге AstraZeneca ұсынды. Ол бізге наурыз айында жетуі тиіс еді, алайда көптеген елдерде бұл вакцинадан кейін жағымсыз әсерлер мен адам өлімдері тіркелді. Біз өлім себептерін сұрап хат жаздық. Хатқа жауап келіп, онда вакцинадан еместігі көрсетілсе, біз оны аламыз", — деді министр.
Қырғызстанда вакцинаны дәрігерлер, мұғалімдер мен әскерилер бірінші болып алады.
Abai.kz