Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3712 0 пікір 11 Сәуір, 2012 сағат 13:12

Гүлзат КӨБЕКОВА. «Жаңа толқынға» жаңа көзқарас

1982 жылы қабілетті бір топ қазақ жастарын іріктеп, Мәскеудегі ВГИК-ке арнайы кинематографиялық кәсіби білім алуға жіберу туралы оймен киностудия жанынан арнайы шеберхана құрып, онда талапкерлер даярлық курстарынан өтеді. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында оқуға ниет білдірген талапкерлердің шеберлік деңгейін айқындау үшін үш минуттық қысқаметражды фильм түсіруге арнайы байқау ұйымдастырылады. Сол жылдары «Қазақфильм» киностудиясындағы «Әлем» бірлестігінің жетекшісі қызметін атқарған Мұрат Әуезов: «1984 жылдың жаз айында республикадағы Госкиноның келісімі бойынша Алматыға С.Соловьев келді. ...Сол күні біз Сергей Александровичпен талапкерлерді іріктеу идеясы жөнінде сөйлестік» - дейді өзінің сұхбатында. М.Әуезовты қазақ киносының «жаңа толқыны» атанған режиссерлардың өкіл әкесі деп атаудың да себебі бар. Осы шеберханаға қабылданған талапкерлердің қатарында бүгінде өзіндік қолтаңбаларымен ерекшеленген, режиссура саласының кәсіби шыңын бағындырған Рашид Нұғманов, Серік Апрымов, Абай Қарпықов, Ардақ Әмірқұлов, Дәрежан Өмірбаев, Әмір Қарақұловтар болды.

1982 жылы қабілетті бір топ қазақ жастарын іріктеп, Мәскеудегі ВГИК-ке арнайы кинематографиялық кәсіби білім алуға жіберу туралы оймен киностудия жанынан арнайы шеберхана құрып, онда талапкерлер даярлық курстарынан өтеді. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында оқуға ниет білдірген талапкерлердің шеберлік деңгейін айқындау үшін үш минуттық қысқаметражды фильм түсіруге арнайы байқау ұйымдастырылады. Сол жылдары «Қазақфильм» киностудиясындағы «Әлем» бірлестігінің жетекшісі қызметін атқарған Мұрат Әуезов: «1984 жылдың жаз айында республикадағы Госкиноның келісімі бойынша Алматыға С.Соловьев келді. ...Сол күні біз Сергей Александровичпен талапкерлерді іріктеу идеясы жөнінде сөйлестік» - дейді өзінің сұхбатында. М.Әуезовты қазақ киносының «жаңа толқыны» атанған режиссерлардың өкіл әкесі деп атаудың да себебі бар. Осы шеберханаға қабылданған талапкерлердің қатарында бүгінде өзіндік қолтаңбаларымен ерекшеленген, режиссура саласының кәсіби шыңын бағындырған Рашид Нұғманов, Серік Апрымов, Абай Қарпықов, Ардақ Әмірқұлов, Дәрежан Өмірбаев, Әмір Қарақұловтар болды.
1980 жылдардың екінші жартысында Кеңес Одағы ыдырап, өтпелі кезеңнің тоқырау жылдарын өткеріп жатқан Қазақстан үшін ауыр кезең болғандығы тарихтан белгілі. Қоғамдағы дағдарыстар кино өнеріне де айтарлықтай ықпал етті. Осы жылдардағы қазақ киносының жағдайы жөнінде Мұрат Әуезовтың: «Қазақ кинематографының жағдайы соншалықты мүшкіл және тығырықта тұрғандығы сонша, біздің жарқырап шығудан басқаша жолымыз жоқ!» деген.
Мәскеудегі ВГИК-те С.Соловьевтің тәжірибелік шеберханасында кәсіби білім алған қазақ кинематографистері ұлттық киноға жаңаша серпіліс әкелді. Олардың шығармаіпьільіғьіндағьі ой еркіндігі, реалистік көзқарастары ұлттық киноның осы уақытқа дейінгі дәстүрлі шарттарына түбегейлі өзгеріс енгізді.
С.Соловьев «Жаңа толқын» - қырық жылдан соң» деген мақаласында: «Мен өзімнің ВГИК-тегі студенттеріме айтамын: «Балалар, Голливудты көруді доғарыңдар. Италиялық неореализм мен француз «жаңа толқынын» көріңдер. Онда барлығы да жанды». Егер менің студенттеріме «жаңа толқын» да, италиялық неореализм де дәл қазір қандай да бір ықпал жасаса мен де өте қуанышты болар едім» дейді. Шебердің тілегі орындалды.
«Жаңа толқындықтардың» бірі Абай Қарпықов: «Меніңше, жаңа буын келді
- жас мөлшері жағынан емес, өзгеше дүниетанымдағы, бөлек мәдениеттегі деген мағынада» дейді. Қазақ киносындағы бұл бағыттың алғашқы туындылары Рашид Нұғмановтың «Ине» (1988) және Серік Апрымовтың «Соңғы аялдама» (1989) фильмдерінен бастау алды. «Ине» фильмінде қазақ киносында осыған дейін ашық қозғалмаған нашақорлық мәселесі, сондай-ақ, «Соңғы аялдамада» өтпелі кезеңдегі ауылдың еш боямасыз келбеті экранда көрініс тапты. «Жаңа толқынның» буырқанған тың идеялары өз көрермендерін де, арнайы кино мамандарын да бей-жай қалдырмады. Жазушы Әкім Тарази «Қазақ киносының бүгінгі ахуалы» атты мақаласында: «Ол топты мен «Италия режиссері Антонионидың «Түнінде» туған «тас түлектер» дер едім. Бұлар өз елін менсіне қоймайды. Жөні келсін-келмесін қазақ тұрмысын батыс қылмысына айырбастай береді. Жезөкше қыздар... өмірден түңілген бозбалалар... нашақорлар... парақорлар... олардың негізгі кейіпкеріне айналды» деп «жаңа толқын» режиссерларымен бірге экранға жол тартқан жаңа заманның дүбәра кейіпке түскен кейіпкерлеріне наразылығын білдіреді. «Жаңа толқын» режиссерларының фильмдеріне баспасөз беттері арқылы өткір сыни пікірлер аз айтылған жоқ. Алайда, кәсіби кино зерттеуші мамандар өзгеше пікірде болды. Осы аталған «жаңа толқын» жөнінде «... қазақ кинематографистерінің «жаңа толқынының» барлық атышулы фильмдері қазақстандықтардың жаңа замандағы өмірінің нақты негізіндегі материалда түсірілген, онда 90-шы жылдардың шындығы, тұрмысы, әдет-ғұрпы, адамдардың этнопсихологиясы көрініс тапқан, басқаша айтқанда, бұл айналадағы шындықты жас режиссерлардың көзқарасымен толық қамтып түсірген. Егер де экрандағының көпшілігі бізді таңғалдырып, наразылық тудырып, көңілді қалдырып жатса, онда кинокамераның кінәсі жоқ: жас кинематографистер «өмірді қаз-қалпында», еш боямасыз және идеологиялық догмасыз түсіруге ұмтылған» деп сипаттама береді белгілі кинотанушы Бауыржан Нөгербек «Қазақстан киносы» атты еңбегінде. «Жаңа толқын» өкілдерінің фильмдерінің қатарында басты назарда болып, пікірлер қақтығысын тудырған әсіресе С.Апрымовтың «Соңғы аялдамасы» болатын. Десек те, өнертану докторы, кинотанушы Г.Әбікеева өзінің ғылыми еңбегінде: «... С.Апрымовтың «Соңғы аялдамасы» - қазақстандық қоғамның жай-күйінің қатаң диагнозы» екенін баса айтады.
«Өнерде өтірік айтуға болмайды...» атты тақырыптағы мақаласында «Жаңа толқын» табыстарының кілті - дейді Серік Апрымов, - өнерде өтірік айтпауында, яғни айта алмауында деп білемін». Өтпелі кезеңдегі қоғамның өзекті мәселелерін «жаңа толқын» режиссерлары көпшіліктің наразылығын тудыру мақсатында емес, керісінше, өздерін толғандырған тақырып ретінде ашындырған жәйттардың себебін іздеуге шығармашылық талпыныстар жасайды. «Жаңа толқындықтардың» ұстазы С.Соловьев «Мен де қазақтан алыс емеспін» атты сұхбатында: «Өнер ұнауға тиісті емес, ол ұнау үшін өмір сүрмейді. Өнер адамды өлтіріп алмау үшін керек. Оның жан-дүниесінде, санасында әртүрлі кереғар, күрделі сезімдерді өлтіріп алмау үшін керек» екендігін алға тартады. Шығармашылық тұлғаның дүниетанымының табиғатымен өзара үйлесімділікте туындайтын нағыз өнер туындылары сезімдеріңді қалыпты күйдің шегінен шығарып, тулаудың жоғарғы дәрежесіне дейін жеткізе алса ғана діттеген мақсатына жеткендігі. Демек, көрермендерін бей-жай қалдырмаған, уақытында қызу пікірталастардың басты объектісіне айналған, өз қоғамының «асқынған дертін» экраннан көріп қабылдай алмаған, ашынған сезімдердің тулауы қалыпты үдеріс. Себебі, шындықты қабылдау мен мойындау әрдайым да қиын. Әсіресе, С.Апрымовтың тығырыққа тірелген «Соңғы аялдамасындағы» рухани күйреу мен азғындаудың соңғы сатысына дейін құлдыраған кейіпкерлерін өз замандастарыңның шындығының келбеті ретінде бетпе-бет экраннан қабылдау.
Өмір көріністерін, өздерін толғандырған ойларын экранда суреттеуде «жаңа толқын» режиссерларының қолданған тәсілдері де ерекше болды. Олар өзгеше көркемдік ұстанымдарды алға тартты. Режиссерлар шындықты еш әсірелемей шынайы көрсету, кәсіби актерлардан бас тарту, жаңа заманның жүгін көтере келген жаңаша кейіпкер, автордың өз көркемдік идеясын алға тартудағы еркін көзқарасы қазақ киносындағы бұған дейінгі идеологиялық мақсаты басым фильмдердің табиғатына қарама-қайшы келді. Елдің тәуелсіздікке талпынған алғашқы жылдарымен қатар өз келбетін айқындаған қазақ киносының «жаңа толқыны» да авторлардың ой еркіндігіне жасаған батыл қадамдарының үлгісі ретінде маңыздылыққа ие болды.

«Жұлдыз» журналы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499