Қазақстанда 2009 жылғы мұнай өндіру көлемі тәулігіне орташа есеппен 1,49 млн баррель болады– ОПЕК
Алматы. 2 шілде. ҚазТАГ – ОПЕК Қазақстанда 2009 жылғы мұнай өндіру көлемі 80 мың баррелге өсіп тәулігіне орташа есеппен 1,49 млн баррельді құрайды, деген болжам жасап отыр. Мұндай ақпарат ұйымның сайтында орналасқан ОПЕК баяндамасында келтірілген.
«Қазақстанда 2009 жылғы мұнай өндіру көлемі 80 мың баррелге өсіп, тәулігіне орташа есеппен 1,49 млн баррельге жетеді деп болжануда... Бұрынғы Кеңестер Одағы елдерінің арасында Қазақстан 2009 жылы мұнай өндіруі ең жоғары деп күтілген ел болып қалып отыр. Бұл өсу Теңіз кенішінің ең жоғарғы қуатына шығуымен байланысты», - делінген ұйым баяндамасында.
ОПЕК болжамы бойынша, 2009 жылғы өндіру тоқсан бойынша бөлгенде тиісінше тәулігіне 1,48 млн, 1,51 млн, 1,4 млн және 1,58 млн баррельді құрайды.
ОПЕК болжамы бойынша, Ресейде мұнайдың 2009 жылғы өндірілуі тәулігіне 80 мың баррельге азайып, орташа есеппен тәулігіне 9,7 млн баррель болады.
Әзербайжандық мұнайды тасымалдау 2009 жылы орташа есеппен тәулігіне 60 мың баррельге өсіп, тәулігіне 970 мың баррельге жетеді.