Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3851 2 пікір 16 Сәуір, 2021 сағат 12:51

Мәжіліс бюджеттік заңнама мәселелерін қарайды

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысында депутаттар қарауына «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын I оқылымда қарау ұсынылды.

Бұл заң жобасы бюджет саясатының және бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалану процесінің тиімділігін арттыру мақсатында бюджет шығыстарының қайтарымдылығын арттыруға бағытталған бюджет процесін реформалауды көздейді.

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында инклюзивті білім беру мәселелеріне қатысты заң жобасы бар.

Аталған құжат ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың сапалы білімге тең қол жеткізуіне қатысты бірқатар заң жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485