Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2845 0 пікір 18 Сәуір, 2012 сағат 04:41

Бекзат Жүсіп. Көшербаевтың көшелі істері

Төмендегі қысқа әңгімемде Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Қырымбек аға Көшербаевтың көшелі істері туралы айтқым келеді...

Жаңылмасам,  2007 жылдың  қысы болуы керек. Ат құлағы көрінбейтін ақ түтек боран, тізеден келетін омбы қар. Мұндай күн райы Маңғыстау түбегінің  солтүстік-шығыс беткейіндегі бейнеуліктер  үшін үйреншікті жағдай.  «Бомбей» дейміз Бейнеуді қалжыңдап. Сірә, жазда аптабынан аспан айналып жерге түсетін, қыста аязынан ұшқан құстың қанаты үсетін ауарайына әбден тотыққан  бұл жақтың адамдарының алабөлек  қаралығын қағытқанымыз ғой, бірақ  ауыл адамдарының жүректері қандай ақ десеңші...

Қыстың сондай саршұнақ аязды күні облыс басшысы Қырымбек Көшербаев  бастаған бір топ атқамінер азамат жұмыс сапарымен Бейнеуге аттанды. Топ құрамында мен де жүрмін. Маңғыстау облыстық телеарнасында тілші едім. Тікұшақпен арасы 60-70 шақырым болатын Бейнеу ауданына қарасты ауылдарды аралап жүрміз. Облысқа Қырымбек Елеуұлы келген бетте тұрғындардың талап-тілегін, арман-арзуын өз ауыздарынан естіп қайтатын бұрын-соңды болмаған осындай дәстүр қалыптасты.  Алты ай сайын аумағы 170 мың шаршы шақырымға жуықтайтын Маңғыстаудың түкпір-түкпірін түгел адақтап шығады.

Төмендегі қысқа әңгімемде Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Қырымбек аға Көшербаевтың көшелі істері туралы айтқым келеді...

Жаңылмасам,  2007 жылдың  қысы болуы керек. Ат құлағы көрінбейтін ақ түтек боран, тізеден келетін омбы қар. Мұндай күн райы Маңғыстау түбегінің  солтүстік-шығыс беткейіндегі бейнеуліктер  үшін үйреншікті жағдай.  «Бомбей» дейміз Бейнеуді қалжыңдап. Сірә, жазда аптабынан аспан айналып жерге түсетін, қыста аязынан ұшқан құстың қанаты үсетін ауарайына әбден тотыққан  бұл жақтың адамдарының алабөлек  қаралығын қағытқанымыз ғой, бірақ  ауыл адамдарының жүректері қандай ақ десеңші...

Қыстың сондай саршұнақ аязды күні облыс басшысы Қырымбек Көшербаев  бастаған бір топ атқамінер азамат жұмыс сапарымен Бейнеуге аттанды. Топ құрамында мен де жүрмін. Маңғыстау облыстық телеарнасында тілші едім. Тікұшақпен арасы 60-70 шақырым болатын Бейнеу ауданына қарасты ауылдарды аралап жүрміз. Облысқа Қырымбек Елеуұлы келген бетте тұрғындардың талап-тілегін, арман-арзуын өз ауыздарынан естіп қайтатын бұрын-соңды болмаған осындай дәстүр қалыптасты.  Алты ай сайын аумағы 170 мың шаршы шақырымға жуықтайтын Маңғыстаудың түкпір-түкпірін түгел адақтап шығады.

Сапарға ылғи мені қосатын себебі - редакцияда қыз-келіншектен басқа «атқа жеңіл телпекбай» желең жігіт тілшіден мен ғанамын. Он жетідегі түбітмұрт бозбала. Тілшілікке  төселіп, мәселені терең түсініп жүргенім шамалы. Бірақ облыстың біріншісімен бірге жүріп, оның ел дамуы туралы айтқан әңгімесіне, азаматтығына куә болғаныма өкінбеймін һәм  қазіргідей алағай уақытта оның Маңғыстау өңіріне жасап кеткен жақсылығын айтқым келеді.

Екі-үш ауылда жиналыс өткізіп, Боранқұл деген ауылға келдік.  Әкім бастаған  көпке «Опорный» атауымен мәлім елдімекендегі жаңа  мәдинет үйінің құрылысымен танысты. Ауыл ақсақалдармен төңіректегі мұнай өндіруші компанияның асханасына жайылған дастарқан үстінде арқа-жарқа әңгімелесіп, әрқайсысын асықпай тыңдады.

Сол кездегі Қырымбек Елеуұлының зипа бойына лайық бір қарапайымдылығы есімде қалыпты. Тамақ ішуге кеткен ұшқыштарды жанындағы көмекшілері кері қайтарайын деп еді, «асықтырмаңдар» деп тыйып тастады.  Оның үстіне біз тамақтанып шыққанша ұшақтың темір есігі қатып қалған ғой. Ұшқыштар әкімнен ыңғайсызданып, аша алмай әлек боп жатыр. Барлығымыз үскірік желден беттерімізді жағамызбен қалқалап, үйіріліп тұрмыз. Аяқ ұшымен жер шұқып, ойланып кеткен екем, осы кезде «Бас киімің қайда? деген дауыстан  жалт бұрылдым. Қарасам Қырымбек Елеуұлы. Қапелімде сасып қалып, қалтама бүктеп салған телпегімді шығара беріппін.

- Денсаулықтың қадірін қазір білмейсіңдер. Жассыңдар ғой әлі. Үлкейгесін зардабын тартасыңдар. Бас киіміңді тастама, - деді. Әрі қарай жөн сұрады.

- Қай жердің баласысың?

- Ұштағаннан, - дедім. «Ақтаудан 200 шықырым жерде. Кеңес кезінде дүркіреген Иличь совхозымен атағы шыққан Ұштаған болатын» деп қосып қалғым келді, әй бірақ осындайда байланып қалатын тіл құрығыр....

Сұрақты үсті-үстіне үдетіп, әке-шешемді, тұрмыс жағдайымды, политехникалық колледждің 3-курсында оқып жүргенімді,  бірақ баяғы бала күндегі әдебиетке құштарлығыммен журналистика саласына келіп қалғанымды да біліп алды.

-  Журналистиканы оқығың келмей ме? - деді бірі кезде менің көкейімдегі көптен бергі бір ойды тап басып.  Ұрымтал жерімнен келгесін бе,  бұрын қанша рет сұхбат алып жүрген адамым бір сәт менің «интервьюерім» боп шыға келгенде аузыма сөз түспей, кібіртіктей бердім. Осы сәтте ұшақтың есігі де ашылды-ау.  Жол бойы «қап оқығым келеді деуім керек еді» деген оймен алысып отырдым.

Арада бірнеше күн өткен соң  «Қазақстан Ақтау» телеарнасының директоры, жас та болса өз қатарластырының арасында қара үзіп жүрген Рауан Кенжеханұлы  кабинетіне шақырып алды. «Оқуға ниетті болсаң, облыс әкімінің атынан білім  гранты беріледі» деді. Осылай қарапайым отбасынан шыққан қара домалақ балаға Алатау баурайындағы атақты ҚазМУ-дің журфагында оқу бақыты бұйырды.

Тек мен емес, Қырымбек Көшербаевтың қолдауымен еліміздің  маңдайалды жоғары оқу орындарында Маңғыстау өңірінің  мыңдаған баласы оқып жатыр.

Өзіне шарапаты тиген соң, мақтап жазыпты деп сөгер бәлкім, оқырман. Алайда, ол кісі облысқа басшылық еткен 4-5 жылдың көлемінде атқарылған келелі істерді ешкім жоққа шығара алмас.

Мәселен, мұнайдың үстінде отырса да, малдың қиын жағып, күл шығарып келген Маңғыстаудың түпкірдің түбегіндегі ауылдарына шейін қазір көгілдір отынның қызығын көріп отыр.

Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет Мұнайлы деген жаңа аудан ашылды.  Негізінен оралмандар шоғырланған жаңа ауданның тіршілік тынысы бөлек: 2784 орындық үш мектеп, басқада әлеуметтік инфрақұрылым салынып жатыр. Айта кету керек,  орта білім беру мектептерін салуда Маңғыстау Астанадан кейінгі екінші орында келеді.

Маңғыстау халқы тұщы судан таршылық көретін. «Қиғаш-Ақтау» су таратқышының құрылысы басталып, Еділ суын бұратын маңызды жоба басталды.

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасын қазір әр ауыл көре алатын жағдайға жетті. Бір қарағанда, ұсақ-түйек сияқты. Бірақ күнде өңір тынысын өңештері созылғанша айтып жататын журналистердің сөзі далаға кетпесін, еңбектері еш болмасын деген қамқорлық қой бұл.

Әлі есімде 2008 жылы Ганновердегі «Hannover Messe -2008» көрмесіне Қазақстаннан жалғыз, Маңғыстау облысы  қатысып, «Кендірлі» демалыс орны сияқты туристік кластер, басқа да өндірістік жобаларды таныстырды. Қырымбек Елеуұлы сол сапарында Гамбург теңіз порты мен арнайы экономикалық аймаққа арнайы ат басын бұрып танысып қайтты. Нәтижесі -  «Жер - Теңіз - Аспан»  мега-жобасын іске асырудың қазақша айтқанда, «төсегін салып кетті».

Облыс басшысының іскерлігінің арқасында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының кәдімгідей алыс-берісі күшейді,  тағы да 17 жобаны  іске асыруға байланысты инвестициялық  келісім-шарттарға қол қойылды.  Тағы бір екінші арнайы экономикалық аймақ - «Каспий» арнайы экономикалық аймағын құру бойынша жұмыс  басталды. Мұның бәрі қосымша жұмыс орны, қосымша инвестиция, қосымша өндіріс.

Өңірдегі жалғыз жоғарғы оқу орны Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті атауын да, мақсатын да өзгертіп, жаңа ғимаратқа көшті.

Бұрын жұрт Пір Бекет атаның жатқан жеріне бес, алты сағат ойқыш-ойқыш жолмен қиналып жететін. Бұрнағы жылы тіке асфальт жол төселді.

Адай көтерілісіне тарихи баға беріліп, Алматыдағы құқық қорғау органдары мұрағатында сақталған 56 том іс жарыққа шықты. Иса мен Досанның да көтерілісінің шындығы ашылды. Ескерткіш қойылды. Сондай-ақ Ақтаудың қақ ортасынан күй атасы Құрманғазыға, жыршы Қашағанға арналып алып ескерткіш қойылды. Ол басшылықта болған жылдары өңірдегі өнер адамдары мен спорт саңлықтары үйлі болды. Тізбелей берсем, атқарылған игі істер көп-ақ. Оны жұртшылық жақсы біледі.

Айтпағым, биыл бұйырса оқуымды аяқтап, дипломымды қолға аламын. Осы тұста білім алуыма мұрындық болған азаматтың мемлекетшілдік мүддесін ел боп ескерейік деген тілек қой.. Біздің Маңғыстау өңірінен шыққан ақындардың көбінің өлеңінде күш атасын танымас зеңгі баба төлі жүреді. Сабыр Адай, Светқали Нұржан, Есенғали Раушановта да осылай.  Мен де солардың салған ізімен қазақтың «нар жолында жүк қалмас» деген жақсы мақалын Қырымбек Көшербаевқа лайық көремін.

«Абай-ақпарат»

0 пікір