Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
4352 4 пікір 19 Сәуір, 2021 сағат 11:48

Ресей 49 мың ҚР азаматын (мигрант) елден шығармақ

Ресей аймағында заңсыз жүрген постсоветтік мемлекеттердің бір миллионнан астам азаматы 15 маусымға дейін елінен шығып кетуі керек. Бұл туралы Ресейдің ішкі істер министрінің орынбасары Александр Горовой ТМД-ның Парламентаралық Ассамблея отырысында мәлімдеді.

"Егер заңсыз жүрген мигранттарды 15 маусымға дейін өлкеден шығара алмасақ, онда олар күшпен депортацияланып, олар үшін шекара жабық болуы мүмкін. Бұл бойынша өз елдеріңізде БАҚ өкілдері мен блогерлердің көмегімен ақпаратты таратсаңыздар жақсы болушы еді", - деді Горовой.

Оның сөзінше, бүгінгі күні Ресей аумағында Өзбекстанның 332 мың, Тәжікстанның 247 мың, Украинаның 152 мың, Әзербайжанның 120 мың, Қырғызстанның 115 мың, Арменияның 61 мың, Молдованың 56 мың және Қазақстанның 49 мың азаматы заңсыз жүр.

Өткен аптада Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков коронавирус пандемиясынан елде еңбек мигранттары азайғанын, ірі жобаларді іске асыру үшін жұмыс күші жетпей жатқанын мәлімдеген.

Ресейдің ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2020 жылы пандемияға байланысты өлкедегі мигранттар саны екі есеге азайған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1555
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3349
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6223