Сенбі, 23 Қараша 2024
4220 3 пікір 19 Сәуір, 2021 сағат 12:17

6 жыл бойы қандастарға квота бөлінбеген

Жуырда ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 3966 адам қандас мәртебесін алғаны туралы ақпарат таратты, - деп хабарлайды bugin.kz.

Жалпы, Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде Қазақстанға келген қандастар саны 1 милионнан асады екен.

Алайда, соңғы уақытта квота көлемі тым азайып кеткен. Бұл мәселені Парламентте «Ақжол» партиясының депутаттары көтерген болатын.

«Ақжолдықтардың» ақпаратынша, 1993-2021 жылдар аралығындағы бөлінген квота кестесіне қарасақ, адам саны 100 еседей азайып кеткен. Мәселен, 1993 жылы елімізге 60 мыңдай (10 мың отбасы), 2009 жылы 100 мыңнан аса отандасымыз көшіп келген. Алайда, Тәуелсіздіктің 30 жылдығында қандастарға 1426 адамға ғана квота бөлініпті. Тіпті, 2012-2017 жылдар арасында олардың отанға келуіне бір де бір квота бөлінбеген?!

Қазақстандағы демографиялық мәселе қашан да күн тәртібінен түспей келеді. Алайда, бұл мәселеге оң ықпал етудің тағы бір әдісі шеттегі қандастарымыздың тарихи отанына оралуына жағдай жасау екені сөзсіз. «Отандастар» қорының мәліметінше, 7 миллион қазақ шетте жүр екен. Бұл халқымыздың жартысына жуығы. Ендеше, сол қандастарымыз жергілікті жерге сіңіп, ассимиляцияға ұшырамасын десек, қазақ билігі қалғымауы тиіс.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5449