Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2582 0 пікір 18 Сәуір, 2012 сағат 09:21

Мемлекеттік рәмізді қорлағандар қатаң жазалануы керек

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Қылмыстық кодекстегі мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін қарастырылған жауапкершілікті қатаңдату керек.

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның жалпы отырысында Үкімет басшысының, Мемлекеттік хатшының, Бас прокурордың атына сауал жолдаған депутат Бақытбек Смағұл осы мәселені көтерді.

«Мемлекетімізге деген махаббатымыз бен мақтанышымыз мемлекеттік рәсімден басталады», - деген депутат өткен аптада БАҚ-та елдігіміздің нышаны мен тәуелсіздігіміздің атрибуты болып отырған Мемлекеттік Тудың қорлануына байланысты ақпарат болғанын атап өтті. «Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорған қаласындағы облыстық әкімдік жанында Туымыздан сүйретпе қап жасаса, Атырау облысы Атырау қаласындағы облыстық прокуратура жанында қоқысты жинап жатқан топ Мемлекеттік Туымызды қап ретінде қолданған. Осының бәріне куәгер бола отырып, бейшаралығымызға намысым келді. Оның алдында көп мақтанған Азияда жарысында жанкүйерлеріміздің Туды табан асты етіп қорлағанын республика бойынша мәселе етіп көтердік. Қостанайдағы жарыста, Куәйттегі халықаралық жарыстағы марапаттауда Әнұранның ауысқаны тағы бар. Әнұранды қойып Мемлекеттік Туды талақ етп отырғанымыз ба. Түркі әлемінің ту тіккен мекені деп мақтанған елдігіміз осы ма? Бұл біздің жауапсыздығымыз ба, әлде сауатсыздығымыз ба?», - дейді Б. Смағұл.

Депутаттың айтуынша, Қылмыстық кодекстің  317 бабында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қорлау 200 айлық есептік көрсеткіш пен 1000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не 1 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыруға жазаланады делінген. «Бұл күлкілі мәселе. Сондықтан 2013 жылға қарай Қылмыстық кодексті жаңарту үрдісінде ең бірінші кезекте әлгі 317 баптағы қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуымыз керек», - деді Б. Смағұл.

0 пікір