Жұма, 4 Қыркүйек 2026
4335 1 пікір 26 Сәуір, 2021 сағат 12:08

Цой QazVac вакцинасын тікелей эфирде қабылдады

26 сәуір күні елімізде отандық QazVac вакцинасын егу шаралары басталды. Бірінші болып отандық вакцинаны тікелей эфирде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қабылдады. 

Вакцинаны алғаннан кейін министр 30 минут дәрігерлердің бақылауында болды. Министр вакцинадан кейін өзін жақсы сезінетінін айтты. Екінші дозаны министр 16 мамыр күні алатын болды.

"Вакцинаны алғаннан кейін екпе алған жерге су тигізбеу керек. Вакцина қабылдаған соң бір сағаттан кейін ыстық түсіретін дәрі қабылдаған жөн. Үш күн бойы адамда жеңіл тұмау форматында ауырсыну байқалуы мүмкін. Сондай-ақ ішімдік ішуге болмайды", - деді медбике.

Отандық вакцинаның алғашқы 50 мың дозасы еліміздің барлық аймақтарына жіберілді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 842
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2219
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 560
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 541