Сенбі, 23 Қараша 2024
4869 1 пікір 26 Сәуір, 2021 сағат 12:31

Өртеп үлгермеуде: Вирустан халық қырылып жатыр

Үндістанда соңғы он күнде вирус жұқтыру фактілері еселеп артып, денсаулық сақтау саласында коллапс басталды. Қазір Үндістан вирус жұқтыру және вирустан қаза тапқандар бойынша күндік рекордты жаңартуда. Дәрігерлер, дәрілер мен крематорийлер жетіспеуде. 

Вирустан көз жұмғандарды қала көшелерінде өртеп жатыр. Ауруханаларда орын мен оттегі таусылған, сондықтан науқастарды қабылдамай жатыр.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше Үндістанда 17 млн адам вирус жұқтырған. Көз жұмғандар саны 192 мың адамды құрайды. Алайда бейресми статистика бұл көрсеткіштен әлдеқайда көп дейді сарапшылар.

"Біз вирустың бірінші толқынымен күресте тиімді нәтиже көрсеткендіктен, екінші толқынды оңай еңсереміз деп ойладық. Алайда олай болмай шықты", - деді Үндістанның премьер-министрі.

Ұлыбритания, Франция мен өзге де Еуропа елдері Үндістанға жедел арада көмек жіберуді құптады. АҚШ арнайы тесттер мен вакцина жеткізуді қолға алуда.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371