Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2585 0 пікір 23 Сәуір, 2012 сағат 07:22

Сәкен Нұрқабекұлы. Сопыларға қатысты сот үкімі бұзылуы мүмкін

Өткен жылдан бері БАҚ беттерінде талай мәрте сөз болған «Сопылар соты» тағы да ел назарына іліккелі отыр. Сопылықтың ізін жалғастырушы Исматулла Әбдіғаппарды 14 жылға, ғалым Саят Ыбырайды 12 жылға бас бостандығынан айырған сот мүшелерінің бірқатар былықтары ашылып жатыр. Кісі өлтірген қандықол  қылмыскерге лайықты қатыгез жазаны ишандар мен ғалымдарға, одан қалды емізулі баласы бар әйелге де аямай таңып берген алқабилер өткен жылғы сот отырысы кезінде ел қыдырып, той-тойлап жүргені анықталып жатыр.

Өткен аптада, яғни сәуірдің 20-күні Алматы қалалық сотында Исматулла Әбдіғаппар, Саят Ыбыраев және олардың бірқатар ізбасарларына қатысты соттың кассациялық қарауы болған еді. Шара барысында сопыларды жазаға кескен Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты шығарған үкімнің толықтай заңсыз екені дәлелденді. Дәлірек айтқанда, бұрын-соңды ел естімеген қатыгез жазасымен танылған алқабилер сот отырыстарына жүрдім-бардым қарап, қалауы бойынша келіп кетіп жүрген екен. Саят Ыбыраевтың адвокаты Абзал Құспанов пен Шыңқуат Байжановтың қолында қыдырымпаз алқабилердің сол әрекетін бұлтартпай дәлелдейтін бірқатар айғақтар жинақталған. Олар бұл айғақтарды Алматы қалалық кассациялық соттың қарауына ұсынып отыр. Нәтижесі алдағы уақытта белгілі болады.

Өткен жылдан бері БАҚ беттерінде талай мәрте сөз болған «Сопылар соты» тағы да ел назарына іліккелі отыр. Сопылықтың ізін жалғастырушы Исматулла Әбдіғаппарды 14 жылға, ғалым Саят Ыбырайды 12 жылға бас бостандығынан айырған сот мүшелерінің бірқатар былықтары ашылып жатыр. Кісі өлтірген қандықол  қылмыскерге лайықты қатыгез жазаны ишандар мен ғалымдарға, одан қалды емізулі баласы бар әйелге де аямай таңып берген алқабилер өткен жылғы сот отырысы кезінде ел қыдырып, той-тойлап жүргені анықталып жатыр.

Өткен аптада, яғни сәуірдің 20-күні Алматы қалалық сотында Исматулла Әбдіғаппар, Саят Ыбыраев және олардың бірқатар ізбасарларына қатысты соттың кассациялық қарауы болған еді. Шара барысында сопыларды жазаға кескен Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты шығарған үкімнің толықтай заңсыз екені дәлелденді. Дәлірек айтқанда, бұрын-соңды ел естімеген қатыгез жазасымен танылған алқабилер сот отырыстарына жүрдім-бардым қарап, қалауы бойынша келіп кетіп жүрген екен. Саят Ыбыраевтың адвокаты Абзал Құспанов пен Шыңқуат Байжановтың қолында қыдырымпаз алқабилердің сол әрекетін бұлтартпай дәлелдейтін бірқатар айғақтар жинақталған. Олар бұл айғақтарды Алматы қалалық кассациялық соттың қарауына ұсынып отыр. Нәтижесі алдағы уақытта белгілі болады.

ҚР Қылмыстық кодексінің заңдық тәртібі бойынша алқабилердің әрбірі сот отырысына бастан-аяқ толық негізде қатысуға міндетті, өйткені олардың әрбірінің даусы - сотталушының тағдырын шешеді. Ал егер жалпы саны 12 адамнан, соның ішінде негізгі құрамдағы 10 алқабиден тұратын сот мүшелерінің кез-келген біреуі сот процесінің біріне қатысуға мүмкіндігі болмаса аталған отырыс кейінге шегеріледі немесе алқаби құрамы кезекте тұрған екі адамның бірімен толығады. Ал сот отырыстарының бір немесе бірнешеуін жіберіп алған алқаби сот процесін ары қарай жалғастыруға құқы жоқ, яғни шеттетілуі тиіс.

Ал «Сопылар ісіне» қатысты сот тергеуі кезінде бұл талаптар өрескел бұзылған. Негізгі құрамдағы төрт алқабидің сот отырыстарына бір емес, бірнеше рет қатыспай, жүрдім-бардым қарағаны белгілі болды. Солардың кейбіріне тоқталар болсақ, алқаби Рафикова Зина Шакарбаевна сот тергеуі әп деп басталып, жер ортасына таяған сәтте-ақ, сот отырыстарына қатыспайтындығын мәлімдеп, алқаби құрамынан шығарылып тасталған. Ал, Алибаев Қалдарбек Далгарович есімді алқаби де сот отырысына келмегені үшін негізгі құрамнан шеттетіліп, қосалқы құрамға ығыстырылған (заң бойынша алқабилер арасынан аласталуы керек). Бұл келтірілген деректер сот тергеуінің хаттамасында көрсетілген. Ең сорақысы, алқабилердің негізгі құрамында болған Ширинай Маханова сот барысында бір апта бойы Атбасар қаласында той тойлап жүрген. Адвокаттардың қолында Ш. Маханованың 2011 жылы шілде айының 25 күні Алматы-1 темір жол вокзалынан - Атбасар қаласына жол тартып, сол сапардан тамыз айының 02 күні бір-ақ оралғанын растайтын  билет көшірмесі және «Қазақстан Темір Жолынан» алынған анықтама құжат бар. Мұны өзі де мойындайды. Қолда бар нақты деректерге сүйенсек, туыстарының «тұсаукесер тойында» жүрген.

Бұл тек құжат бойынша дәлелденген мысалдар. Жалпы алғанда, сот барысында төрт бірдей алқаби сот отырыстарына жүрдім-бардым қарап, бірде келіп, бірде келмей өзара кезектесіп алмасып отырғаны да анықталып отыр. Адвокаттардың айтуынша сот барысында мұндай сорақылықтардың талайы кеткен. Алайда олардың бәрін тегіс дәлелдейтін айғақтар жеткіліксіз болмағандықтан, оларды қозғап әуре болып жатпаған.  Қалай десек те, жаңағы сотқа салақ қарап, бір келіп, бір кетіп дүрген алқабилердің дауыстары айыпталушыларды қатаң жазаға кесу шешім шығару барысында есепке алынған және бұл заңсыз.

Әдетте, мұндай өрескел заңбұзушылықтар дәлелденген жағдайда бұған дейін шығарылған үкім толықтай бұзылып, айыпталушыларды бас бостандығынан айыру туралы шешім өз күшін жояды. Алайда «сопылар ісі» әдеттегі жағдай емес. Құқық қорғаушы органдардың ар жағында тапсырыс беруші адамдардың, топтардың бар екенін рас болса олар бұл шешімді қалайда сақтап қалуға әрекет жасайтыны сөзсіз.

Осы уақытқа дейін «сопылар ісіне» қатысты тергеу жұмыстары барысында түрлі заңбұзушылықтарға белшесінен батып жүрген құқық қорғау органдары тағы бір сын сағатқа келіп тірелді. Бір өтірік екінші өтірікті өзіне тарта беретіні сияқты, қазақстандық құқық қорғау органдарының бірлесіп жасаған заңсыздықтары да барған сайын күрделеніп келеді. Әттең, ашығын айтып, дәлелін тартып көрсетерге бейтарап орган қалмады. Алдымен Қаржы полициясы жариялаған «сопыларға қарсы соғысқа» ізінше ІІМ-нің органдары, ҰҚК, прокуратура, енді міне Сот органдары да бел шешіп кірісіп кетті. Әлгі жиі айтатын деморатиялық құндылықтарымыз бен плюрализмнің ұшқыны да байқалмайды. Бақылаушы орган болып есептелетін Қаржы полициясы мен прокуратура қызметі де әлдекімдердің тапсырысын белсенді орындауын жалғастырып жатыр. Етқызумен шапқылап беріп, өздерінің қандай жауыздыққа дейін жетіп қалғандарын сезбейтін сияқты. Тапсырысқа адалдықтары соншалық, тергеу амалдары барысында талай олқылықтарға, олқылықтан бұрын заңсыздықтар мен қастандықтарға жол беріліп жатыр. Әрине, көрінгеннің қолшоқпарына айналып, күйелеш күйде көрінгеннің отын көсеп жүрген «құқық қорлаушы органдарымыз» тарихи жауапкершілік деген ұғымның болатынын қайдан білсін?!

Қазір адвокаттар жағы ҚР Қылмыстық істер жүргізу Кодексінің бірнеше баптарын негізге ала отырып, Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының Үкімін - заңсыз ретінде бұзуды сұрап отыр. Болмысы таза адамның үмітшіл келетіні белгілі. Қазақтың нашақорын емдеп, адам қатарына қоспақ болғаны үшін 14 жылға қамалған Ысматолла ақсақал мен вахабиттерді «ит» деп атағаны үшін 12 жылға кесілген Саят сынды ғалымдардың ұнжырғасы әлі түспеген. Ақын Махамбет айтпақшы «қабырғасын қаусатып, бір-біріндеп сөксе де, қабағын шытпас ерлердің» тірлігі осы болып отыр әзірге. Құдайдың құтты күнінде осынша заңсыздықтарды көзбен көріп, зардабын сезініп отырған ғалым Саят Ыбыраев темір тордың ар жағында жатып жазған күнделік жазбаларында қазақтың әлі де асқақ рухты елге айналып, өрлігімен таныларына әсте күмән келтірмейтінін жазады. Ал Ысматолла ақсақал таң сахарда отырып патшасына арнап оқитын ықыласты дұғаларын әлі де үзбепті.

Заңға сүйенсек, жоғарыда көрсетілген процессуалдық қателіктер жөніндегі айғақтар бойынша, ҚР Қылмыстық істер жүргізу Кодексінің 415-бабына сәйкес, бұған дейін шығарылған үкім өз күшін жоюға тиісті. Алайда оған қалалық соттың ерік-жігері, ең алдымен ар-ожданы жете ме? Бұл жағын уақыт көрсете жатар.

Айтпақшы, тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанда діни көзқарас бойынша профессор адамның жауапқа тартылуы алғаш оқиға екен. Ал Саят Ыбыраевтың қасында отырған Сейфолла Моллақағанатұлы есімді ғалым да көп халық үшін таптырмас адам. Тоғыз тілді бірдей меңгерген ол Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесінің сыртындағы символикалық жазбаларды оқи алатын жалғыз адам. Ал Ысматолла ақсақалдың қариялығы мен дариялығын Шерхан Мұртаза, Мекемтас Мырзахмет сынды жазушылардан кейін қайталап жатудың өзі артық болар. Қысқасы, осындай қазақы интеллетуал адамдардың «Коза Ностра» деңгейіндегі қылмыстық қауымдастық құрды деген дерекпен сотталуы алдағы болашақта тарихи сарказмге айналатынына сенімдімін.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392