Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Билік 5705 0 пікір 29 Сәуір, 2021 сағат 15:35

«Алматы облысында балаларды көлік қағып кету оқиғасы бойынша ісі сотқа жолданды»

Ағымдағы жылдың 2 наурызында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аумағында 54 жастағы жүргізуші мас күйінде 8-9 жастағы 4 оқушыны қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 3 қыз емдеу мекемесіне жатқызылды. Кейін, алған жарақаттардан екеуі қайтыс болды.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігімен (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан алкогольдік масаң күйде көлік құралын жүргізу) сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған баппен ең жоғарғы жаза 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Автокөлік құралының жүргізушісі қамауға алынды, барлық қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, тергеу процесстік мерзімде аяқталды.

28 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы айыптау актісімен қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдады.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Тоқаев аталған мәселеге қатысты тапсырма берген болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1079
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2632
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 754
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 723