Жапаров Тоқаевқа қоңырау шалды
13 мамырда Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.
Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшылары екі ел халықтарына бейбітшілік, бақ-береке және амандық тілей отырып, бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтады.
Сонымен бірге, қырғыз-қазақ екіжақты және аймақтық ынтымақтастығының бірқатар өзекті бағыттары, оның ішінде Баткен облысындағы мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде болған соңғы мәселелер талқыланды.
Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа жағдайға көңіл бөлгені, көңіл айту және қолдау сөздері үшін, сондай-ақ Баткен облысының шекаралас ауылдарының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
Abai.kz