Жексенбі, 10 Қараша 2024
3937 1 пікір 17 Мамыр, 2021 сағат 14:48

Қазақстан шет елдерде 19 сауда үйін ашпақ

Қазақстан шет елдерде 19 сауда үйін ашуды жоспарлап отыр,- деп жазады LS сайты. 

Министрліктің мәліметінше, 2025 жылға қарай шетелде қазақстандық өнімдердің 19 сауда үйінің құрылуы жоспарланып отыр. Олар арқылы шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспорты арттырылып, сауда, инвестициялар, туризм, көлік және логистика мәселелері біріктіріледі.

Министрліктің болжамынша, алғашқы сауда үйлер 2022 жылы пайда болады.

Желі шеңберінде қазақстандық өнімді әлеуетті сатып алушыларды іздеу, келіссөздер жүргізу, қазақстандық экспорттаушылардың өнімдерін дегустациялау және көрсету үшін алаңдар пайда болмақ. Әрбір елде ТҚ-ның жұмыс істеуінің өз форматы айқындалады. Бұл дегустация, көрмелер мен келіссөздер үшін үлкен алаң немесе үлкен сауда алаңы болады.

Министрліктің болжауынша, бұл шаралар Made in KZ брендімен шикізаттық емес тауарларды сатуды едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Алғашқылардың бірі болып сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сауда орталығын Қытайда ашуды ұсынды.

Оның айтуынша, Қазақстан металлургия, тамақ өнеркәсібі, мұнай химиясы және химия, машина жасау және құрылыс тауарлары сияқты 60 тауар позициясы бойынша ҚХР-ға экспортты $808 млн дейін арттыра алады.

Сауда және интеграция министрлігінде Made in KZ бренді туралы айта отырып, халал өнімнің қазақстандық өндірушілерін осы тауар түріне маманданған Aladdin Group малайзиялық электрондық сауда алаңына шақыратыны туралы айтылды.

Бұл алаң 5 миллиардқа жуық халқы бар 40 елге қол жетімділікті қамтамасыз ететінін нақтылады. Қазақстандық өндірушілер азық-түлікті ғана емес, жеке гигиена тауарларын, киім, аяқ киім және т.б. сата алады.

Қазіргі уақытта отандық өндірушілер тарапынан өтінімдер түскен жоқ. Алайда, қатысу кезінде олар электрондық сауда алаңдарында тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізу шығындарын өтейтініне сеніп отыр. Бұл ретте ережеге сәйкес орналастырылатын өнімді қайта бөлу деңгейіне байланысты өтеу мөлшері 80%-ға дейін құрауы мүмкін.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1158
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2656
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2690