Қазақстандық миллиардерлер саны екі есе өсті
Қазақстанда бір жыл ішінде миллиардерлер саны екі есе көбейді. Бұл туралы Sputnik.kz мәлімдеді. Дәулетті қазақстандықтардың саны 2020 жылдан бері төрт адамнан жеті адамға көбейген.
Kaspi акционерлері Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе, Freedom Finance-ты құрған Тимур Турлов Forbes Қазақстан журналының нұсқасы бойынша ең бай қазақстандықтардың тізіміне енді.
2021 жылы Forbes-тың қазақстандық тізімі жасалып жүргеніне 10 жыл болды. Бүгін ең бай 50 қазақстандықтың тізімі жарияланды. Айта кетейік, оның ішіне Қазақстанда кәсібін жүргізіп отырған шетелдіктер де енген.
Өткен жылы тізімде болған төрт ауқатты адам биыл тізімге енбеді, оның ішінде Сержан Жұмашов, Нұрлан Бизақов және Анатолий Балушкин бар. Тізімге жаңадан енгендер Михаил Ломтадзе, Тимур Турлов, Қайрат Итемгенов және Сейсенбаевтар отбасы.
Сонымен қатар бір жыл ішінде миллиардерлер саны екі есе өскен.
- Владимир Ким – 4,7 миллиард доллар;
- Вячеслав Ким – 4,2 миллиард доллар;
- Михаил Ломтадзе – 3,9 миллиард доллар;
- Болат Өтемұратов – 3,5 миллиард доллар;
- Тимур Құлыбаев – 2,9 миллиард доллар;
- Динара Құлыбаева – 2,9 миллиард доллар;
- Тимур Турлов – 2 миллиард доллар.
Олардың жиынтық байлығы – 24,1 миллиард долларды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткіштен екі есе көп (12,7 миллиард доллар).
Егер тек қазақстандық миллиардерді алсақ, олардың байлығы 18,2 миллиард долларды құрайды. 50 дәулетті қазақстандықтың байлығы – 37,5 миллиард доллар.
Abai.kz