Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3970 0 пікір 2 Мамыр, 2012 сағат 10:07

Қуандық Шамахайұлы. «Газетпен шыбынды ғана емес, шенеунікті де ұрып құлатуға болады»

Мамырдың 3-і Дүниежүзі баспасөз бостандығы күні. Бұл күні әлем журналистикасының тарихында түрлі елде үлкен өзгерістерге бастау болған баспасөздің айырықша бір жанры туралы сөз етуді жөн көрдік. Сол үшін Батыс журналистерінің арасында қанатты сөзге айналған бір тәмсілді тақырыпқа шығардық. Оны тырнақшаға алуымыздың реті де сондықтан. Менің сөзім емес, мақал-мәтелге айналған көптің даналық ойы дегенім ғой.

АҚШ  мемлекеттік  депертаментінің  шақыруымен  осы  елге  2001  жылы  барғанымызда  «Вашингтон  пост»  газеті  ғимаратын  аралаудың  да  сәті  түскен  еді.  Ғимараттың  кіре  берісінің    қабырғасын  түгелдей  дерлік  алып  жатқан  газеттің  бір  санының суреті  бар.  Сырттай  қарағанда  газеттің  әдеттегі  бір  саны. Оның  әлде  бір  даталы  мерейтойға,  тарихи  мерекеге,  сән-салтанатқа  еш  қатысы  жоқ.

Мамырдың 3-і Дүниежүзі баспасөз бостандығы күні. Бұл күні әлем журналистикасының тарихында түрлі елде үлкен өзгерістерге бастау болған баспасөздің айырықша бір жанры туралы сөз етуді жөн көрдік. Сол үшін Батыс журналистерінің арасында қанатты сөзге айналған бір тәмсілді тақырыпқа шығардық. Оны тырнақшаға алуымыздың реті де сондықтан. Менің сөзім емес, мақал-мәтелге айналған көптің даналық ойы дегенім ғой.

АҚШ  мемлекеттік  депертаментінің  шақыруымен  осы  елге  2001  жылы  барғанымызда  «Вашингтон  пост»  газеті  ғимаратын  аралаудың  да  сәті  түскен  еді.  Ғимараттың  кіре  берісінің    қабырғасын  түгелдей  дерлік  алып  жатқан  газеттің  бір  санының суреті  бар.  Сырттай  қарағанда  газеттің  әдеттегі  бір  саны. Оның  әлде  бір  даталы  мерейтойға,  тарихи  мерекеге,  сән-салтанатқа  еш  қатысы  жоқ.

Себебін  сұрағанымызда  «Вашингтон  пост»  газетінің  білім  беру  жөніндегі  үйлестірушісі  Айвонн  Лэмб  ханым  былай  деп  түсіндірді: «Бұл  сан  тек  біздің  ғана  емес  әлем  журналистикасының  тарихындағы  ірі  оқиғаға  байланысты  болғандықтан  осылай  орналастырылған.  1970-жылдары  АҚШ  Президенті  Ричард  Никсон  оппозициялық  күштердің  қызметін  құпия  тыңдаушы  құралдың  көмегі  арқылы  барлап  келгендігі  әшкереленіп, соның  салдарынан  отставкаға  кеткен  еді. Оны  әшкерелеушілер  журналистер  болатын. Кейін  бұл  оқиға  журналистика  тарихында  алтын  әріппен  жазылды.  Себебі,  дәл  осы  кезден  бастап  журналистика  сынды  құдіретті  қарудың  құрама  штаттың  Президентін  де  тақтан  тайдыра  алатынын  адамдар  сезінген  еді».

«Вашингтон  пост»  газеті  Президент  Ричард  Никсонның  орнынан  алынғаны  жайындағы  репортаж  жарияланған  аталмыш  санды    қастерлеулерінің  себебі  жоғарыдағыдай. Расында, газет  қызметкерлері  Президенттің  барлау  тәсілдерін  қолдануға  дейін  барған  лас  әрекетін  зерттеп  анықтаумен  қатар,  бұлжымайтын  деректермен  дәлелдей  алған. Осылайша,  АҚШ-та  аталмыш  газет  журналистік  зерттеудің  әкесі  ретінде  тарихта қалды.

Журналистік  зерттеу - журналистердің  осал  жандар  емес  екендіктерін  дүйім  жұртқа  көрсетіп  берді. Олар  журналистердің мақала  жазып  қана  тыныш  жүретін  қатардағы  қарапайым  жандар  емес,  қажет кезде  кәсіби  барлаушылардан  да  қалыспай  ақпарат  таба  алатын,  жедел  жұмыс  істеуді  білетін  алғыр  да батыл  адамдар  екендіктерін  әйгіледі. Адамдар  ортасында  сондай  игі  ұғым  қалыптасып  үлгерді  де. Сондықтан,  американдық  журналистердің  арасында  «Орталық  барлау  басқармасынан  бұрын  біліп  алу  үшін»  деген  ұран  іспетті  қанатты  сөз  тағы да пайда  болған.

Америкада  бұдан  бұрын  да  сәтті  жасалған  журналистік  зерттеулер  болды.  Бірақ,  оның  бәрі  ел  Президентін  тақтан  тайдыратындай  деңгейге  жете  алған  жоқ. Дәл  осындай  мысал өзге  елдердің  журналистикасында  бұрын болмаған еді. Бізде «журналистік зерттеу», ал, Батыс әлемінде «іс кесу журналистикасы» аталатын мұндай жанрмен шұғылданған журналистер кейін халық алдында абыройға бөленген мысалдар өте көп.

Еуропа із кесу журналистикасының көрнекті өкілі ретінде неміс публицисі Гюнтер Вальраф аталады. Ол неміс қоғамының іріп-шіруіне негіз болған заңсыздықтарын, азаматтардың бостандығына келтірілген нұқсандарды ашық айқын көрсетіп, із кесу журналистикаға тән көптеген таңдаулы туындыларымен атаққа шыққан хас таланттардың бірі болды.

1980-90 жылдары Латын Америкасында әскери режим құлатылып, өкімет билігін бүкілхалықтық сайлауда жеңіп шыққан қайраткерлер қолдарына алған соң із кесу журналистикасы дамуға бет алған. Демократиялық қозғалыстың тасасында үкіметтік шенеуніктердің жемқорлықтары мен ұлттық байлықты талан-таражыға салу секілді көлеңкелі көріністер пайда болған.

Бразилияның «Journal de Brasil» газеті 1991 жылдан бастап, мемлекеттік жоғары лауазымды тұлғалардың қызмет бабын асыра пайдалану оқиғаларын, қоғамға келтірген зардаптарын әшкерелеу науқанын өрістеткен. Аталмыш газеттің тілшісі М.Роша Қаржы-экономика министрлігінің компьютер жүйесіндегі ақпаратына еніп, әлеуметтік әлсіз топтарға арналып, бөлінген ақшаның президент Ф.Коллордың қайын жұртына беріліп, талан-таржыға салынғанын әшкерелеген. Оның сыртында ел басқарып отырған президенттің заңсыз қаржы істерін, ірі көлемде пара алғандығын тағы әйгілеп берген. «Veja» апталық журналы президентке қатысты парақорлықты әшкерелеу науқанын жалғастырып, ақыры оны мемлекеттің ең биік лауазымынан түсіріп тынған.

Ел басқарған жоғары лауазым иелерінің былық-шылығын әшкерелеу Латын Америкасының өзге елдерінде де жалғасын тапқан. Панаманың «La Pressa»  газетінің бас редакторы Г. Горрити ізге түсіп зерттеудің арқасында елдің президенті Перес Валладарестің колумбиялық ескірткі саудагерлерімен байланысы барлығын әшкерелеп, оның мемлекет банкілері арқылы қыруар лас ақшаны «жууға» көмектескенін, оның ақысына сайлауалды науқанын қаржыландыруға қаражат алғанын әшкерелеген. Аргентинаның «Pagina-12» газетінің шолушысы Х. Вербицки ел президенті К. Менемнің заңсыз қаржылық әрекеттерін  әшкерелеп, шу көтерген.

Әлем журналистикасы үшін 1970 жылдар журналистік зерттеудің шыңға жеткен алтын кезеңі болып есептеледі. Оған себеп, жоғарыда айтқанымыздай, «Вашингтон пост» газеті тілшілерінің президент Р. Никсонның оппозиция өкілдері орналасқан қонақ үйде астыртын тыңдау құралдарын орналастырған барлаушылық әрекетін әшкерелегені, оны сонау биік мансабынан айырғандығы.

1980 жылдардан бастап Шығыс Еуропа, Латын Америкасы, Азия елдерінің масс-медиа жүйесінде журналистік зерттеу біршама қарқынды даму үрдісі байқалды. Польшадағы баспасөз бостандығының өзге социалистік елдермен салыстырғанда біршама кеңдігі кезінде онда журналистік зерттеуді еркін жүргізуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде, «Солидарность» қозғалысы құрылып, елдегі билікті түбірімен ауыстыруға дейін барды. Жүре-келе мұның ақыры күллі социалистік жүйенің баянсыз екендігіне әлемнің көзін жеткізді. Шығыс Еуропа елдерінде демократиялық жаңарудың жаңа дәуірі басталды.  1985 жылы басталған қайта құру кеңестік баспасөзге жаңа леп әкелді де, қоғамдағы былық-шылықты ашуға, журналистік зерттеулер жүргізіп, оның жариялатуға қолайлы мүмкіндік туды. Оның соңы 70 жылдан астам уақыт дара билік құрған компартияның тарауымен, кеңес одағының ыдырауымен аяқталды.

Сексенінші жылдардың аяғында Монғолияның сол кездегі орталық басылымы «Үнэн» газеті ел өміріндегі келеңсіздіктер мен сыбайластықты, билік басындағылардың жемқорлықтарын, жершілдікке бөлінушілігін, сот, құқық қорғау орындарындағы былықтардың көбейгенін соның салдарынан мемлекеттік және ұлттық мүддеге нұқсан келіп отырғанын сынға алған журналистік зерттеулерді көп жариялады. Әсіресе, әйгілі сатирик Ж. Барамсайдың жазған топтама зерттеулері ел арасында дүмпу тудырды, халықты мүлгіген ұйқыдан оятып, социализмнің салғырттығынан арылуына көмектесті. Халықтың саяси белсенділіктері күрт артты. 1989 жылдың соңында ел жастарының бастамасымен құрылған Монғолияның демократиялық одағы 1990 жылы наурызда бейбіт түрде өткізген саяси күрестің нәтижесінде мемлекетті алпыс жылдай уақыт билеп-төстеген саясибюро мен бір партиялық өкімет толық құрамымен отставкаға кетті. Осылайша, елдегі саяси жүйенің толықтай жаңарып, демократиялық жолға түсуінің алғышартын журналистік зерттеуді шебер жүргізген қаламгерлер мен баспасөз жасады. Бұл Азиядағы дамушы постсоциалистік елдердің арасындағы алғашқы демократиялық жеңіс болатын.

Әлем елдерінде мұндай үрдістер әлі жалғасып келеді. 2000 жылы Филиппин елінің бір топ журналистік зерттеушілері президент Жозеф Эстраданың жемқорлығын әшкерелеп, оны мерзімінен бұрын тақтан тайдырған болатын. Елдің журналистік зерттеу орталығының директоры Шейла Коронеланың басқарған журналистері президент Ж. Эстраданың құпия дәулет-қазынасын сегіз ай бойы зерттеулерінің нәтижесінде газетте цикл репортаждары жарияланған. Президентке қарсы қозғалған сот ісінің басты негіздемесі, дәйекті дерегі - осы репортаждар болған. Мұны президентті тақтан тайдырған  Азиядағы  алғашқы журналистік зерттеу деп атауға толық негіз бар.

Бұдан сәл бұрын ондаған жылдар бойы билік құрған диктатор генерал Сухортоны кетірген қозғалыс Азияда орын алғанымен оған журналистердің тек жанама түрде ғана әсері  болған еді. Ал, Филипиннің жайы басқаша еді. Сондықтан да, әлемдегі беделді журналдардың бірі «Asia week» Ш. Коронеланы «Азиядағы жемқорлықпен күресуші ірі тұлға»  - деп атаған.  Журналистік зерттеудің Азияда кең етек жая бастағанын жоғарыдағы мысалдардан көруге болады.

Бразилияның «Жорнэл де Бразил» басылымы 1991 жылдан бері мемлекет пен үкіметтің жоғары лауазымды тұлғаларының билікті асыра пайдалану әрекеттерін әшкерелеу науқанын бастаған. Журналист М. Роша елдің экономика министрлігінің ақпараттық қорына компьютерлік жүйе арқылы еніп, әлеуметтік қорғауды қажет ететін төменгі топтарға арналған ақшаны президент Ф. Коллордың қайын жұртына таратылғанын әшкерелеген. Сонымен қатар президенттің өзге де парақорлыққа қатысты істерін тапқан. Осылай басталған істі «Вежа» апталық журналы сәтті жалғастырып, Ф. Коллорды билік басынан тайдыруға тікелей ықпал еткен. Бұл Латын Америкасы елдері журналистикасы үшін бұрын болмаған ірі жетістік болатын.

Қазақстанда  журналистік зерттеудің негізі енді ғана қаланып келе жатқанымен алдағы уақытта қарқынды дамуына құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси ахуал қалыптасып келеді деуге болады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371