Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
4708 1 пікір 19 Мамыр, 2021 сағат 12:00

Дүниежүзілік банк Өзбекстанға жеңілдікпен несие береді

Өзбекстанда сумен қамтамасыз ету саласын дамыту үшін және оған институционалдық қолдау көрсету мақсатында Дүниежүзілік банк (ДБ) 239 млн доллар жеңілдетілген несие және 7,8 млн доллар көлемінде Швейцария мемлекеттік хатшылығының грантын береді.

Бұл жөнінде Өзбекстанның экономикалық даму министрлігі хабарлады. Аталған мекеме басшылығы 17 мамырда Ташкентте Дүниежүзілік банк өкілдерімен келісімге келген.

Бұл жоба бойынша Өзбекстанның үш аймағында 500 мыңнан астам адам сапалы сумен қамтамасыз етіледі және канализация бойынша сапалы қызметке қол жеткізеді. Нүкіс, Тахиаташ және Қарақалпақстанның Ходжейли қалаларының канализация құбырлары толығымен жаңартылмақ. Сонымен бірге Самарқанд облысының Каттакурган қаласы мен Сырдария облыстарының сумен қамтамасыз ету қызметі жақсартылмақ.

Бұдан бөлек "Өзбекстанда ұлттық инновациялық жүйені модернизациялау" жобасын жүзеге асыру үшін ДБ 50 млн доллар көлемінде жеңілдетілген несие бермек.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1030
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2578
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 718
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 682