Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2646 0 пікір 5 Шілде, 2009 сағат 20:36

Ләззат Кемелбаева. Зұлымдық пен ғашықтық хикаясы

Жуырда Астана төрінде әлемдік классика туындысы - «Корсар» балеті  қойылды. Бейбітшілік және келісім сарайында көрерменге паш етілген туынды жұртшылыққа ерекше серпін сыйлады.

Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің елорда сахнасында тұңғыш тұсауын кескен бұл шығарманы ғаламатқа теңеуі сірә, тегін болмаса керек. Бұл, министрдің К.Байсейтова атындағы Қазақ опера және балет театрының әртістеріне берген бағасы еді. Сөз жоқ, шынында да ғажайып балет болды.

Бір жарым ғасырдан бері тұғырдан түспей келе жатқан Джордж Байронның пьесасы желісімен қойылған атақты либретто тұңғыш рет 1856 жылы Париждің Гранд-Опера театрында тұсауын кескен-ді. Ал екі жылдан кейін ғажап туынды Петербор халқын қуантты. Содан бері «Корсар» классикалық туынды ретінде әлемді шыр айналып жүр.

Үш актылы балеттің музыкасын жазған Адольф Адан, либреттистері -  Вернуа де Сен-Жорж бен Жозеф Мазилье. Ал қазақ сахнасының сәнін келтірген «Корсар» белгілі ресейлік хореограф Юрий Григоровичтің жемісі. Бас кейіпкерлері - Конрад (Жандос Әубәкіров), Бирбанто (Рүстем Сейітбеков) және Медора (Гүлфайруз Құрманқожаева) арасында өрбіген шырғалаң көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.

Сахнада буырқанған теңіз... Толқынға «тұншыққан» корсарлар (теңіз қарақшылары) кемесі... Тұңғиыққа батқан кемеден тек үш-ақ адам - қарақшылар жетекшісі Конрад пен оның көмекшісі Бирбанто және досы Әли ғана аман қалады...

«Бісмілләсі» осылай басталған төрт актылы балеттің алғашқы - «Күйреу» картинасы әрі қарай өріледі. Түн. Ес-түссіз жатқан Бирбантоны жағаға алып шыққан Конрад пен Әлидің шаршаңқы бейнесі де сәтті сомдалған. Сол бетте Әли жақын маңайға жол торуға кетсе, Конрад әлі есін жиып үлгермеген досын жасыратын орын іздей бастайды...

Осылай өрілген пьеса  -  Медора, балықшы қыздар, көпестер, күзетшілер мен евнухтар (гаремге қызмет етуші еркектер), сондай-ақ қаскүнемдер мен құлдардың бастан кешкен қызықты хикаясына жалғасады.

Оқиға желісі «Құл базары», «Грот», «Пашаның гаремі» атты картинаға ұласқан шығыстық сарындағы ұлы туынды әуесқой әртістер мен кәсіби бишілердің басын біріктірген. Бұл жерде балетті қоюшы хореграф Юрий Григоровичтің «төккен терін» даралап айтқан жөн. Әсіресе, балетмейстердің еңбегі «Оживленный сад» картинасында айқын көрініс табады.

Зұлымдық пен ғашықтық хикаясын қатар өрбіткен пьесадағы ғажайып балериналар құл базарындағы жабайы тіршілікке жан бітіреді. Гүлнәрдің сұлулығына көзі тоймаған Паша онымен де тоқталмай, құлдықтағы қыздардың ішіндегі ару Медораға көз салады. Қос сұлуға қол жеткізген Паша әйткенмен, көздеген мақсатына жете алмайды. Ақылы асқан Медора құлдықтағы қыздарды түгел бостандыққа шығарып, эпилогты сәтті аяқтайды.

«Нұр Астана» апталығы.

0 пікір