Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5090 0 пікір 5 Шілде, 2009 сағат 21:53

Астана – бас қала

Бетегесін самал тербеген Сарыарқаның төсінде, еркелеп аққан Есілдің жағасынан орын тепкен Астананы бүгінде барша жұрт біледі. Шаһар - Отанымыздың астанасы ғана емес, оның өрлеуінің, толассыз дамуының басты отарбасы, негізгі көрсеткіші. Алғаш қала 1832 жылы Есіл өзенінің жағасындағы Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі негізделгенде пайда болған дегенімен, бұл жерде осыдан мың жылдай бұрын адамдар тұрағы болғанын тарихшылар дәлелдеп жүр. 1863 жылдың 16 шілдесінде Ақмола ресми түрде округтік қала ретінде жарияланса, 1960 жылғы желтоқсанда қала еліміздің солтүстік облыстары кіретін Тың өлкесінің орталығы болды. 1961 жылға дейін ол Акмолинск, 1961 жылдан 1992 жылға дейін - Целиноград, ал 1992 жылдан бастап 1998 жылға дейін Ақмола аталып келді. Әкімшілік мағынасы, яғни Қазақстан Республикасының елордасы мен өзінің қазіргі Астана атауын қала 1998 жылы алды.
Биыл міне, Астана өзінің 11 жылдық тойын 6 шілдеде атап өтіп жатыр. Бүгінде Елорданың 72,2 мың гектарлық аумағында 653,8 мың адам тұрады.

0 пікір