Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2162 0 пікір 10 Мамыр, 2012 сағат 08:59

«Достықтың жол картасы» акциясы Шығыстан бастау алды

Баянды бастамалар Шығыстан басталады. Соның бір дәлелі «Достықтың жол картасы» атты акциясы. Іс-шараны өткізуді ҚР Президенті Нұрұслтан Назарбаевтың Шығыс Қазақстан жұртшылығымен Өскемен қаласында болған кездесуінде аймақтың этномәдени бірлестіктерінің басшылары ұсынған болатын.

«Достық керуені 24 сәуірде Курчатов қаласындағы тоғыз Достық үйінің ең жасынан аттанды. Символикалық эстафета павлодарлықтарға тапсырылып, эстафеталық түрде өз жалғасын табады. Акция Астана қаласында, оның туған күнінде бүкіл елдің этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен бірігуімен аяқталады. Және сол уақытқа дейін астанада Этноауыл салынса, біз онда ағаштар отырғызып, көгершіндерді ұшырамыз», - деп мәлімдеді облыстық Достық үйінің директоры Эльдар Төлеубеков.

«Достықтың жол картасы» акциясының мақсаты халықтар арасында тұрақтылық пен келісімді нығайту, Достық үйлері арасында іс-тәжірибе алмасу болып табылады.

Акция бағдарламасында республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз-мәжілісі, Павлодар қаласының Достық үйінде дөңгелек үстел отырысы өтті. Көршілес жатқан өнеркәсіп қаласының тұрғындарына шығысқазақстандық халық қолөнерлерінің сәндік-қолданбалы өнерінің көрмесі ұсынылды.

Сонымен қоса, ШҚО этномәдени бірлестіктерінің мерекелік концерті ұйымдастырылды. ШҚО Достық үйінде 20-дан астам көркемөнер шығармашылық топтары бар. Оның ішінде, танымал «Образцовый», «Ладушки» орыс ән ансамбльдері.

5 мамыр күні Шығыс Қазақстан делегациясы Ақсу қаласына барып қайтты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435