ІІМ: Бауыржан Халиолла өзіне шабуыл жасалғанын толығымен жоққа шығарды
Қосымша:
ІІМ-гі Бауыржан Халиолла қастандық жасалғаны жайында БАҚ-да жария болған хабардан соң, ресми мәлімдеме таратты. «Бұл ақпараты БАҚ арқылы білдік. Сосын Бауыржан Халиолланы тауып алып, мәселенің мән-жайын өзінен сұрадық. Ол өзіне шабуыл жасалғанын толығымен жоққа шығарды. Тіпті бұл жайлы бірінші болып бізден естіп отырғанын айтты», дейді ІІМ-нің өкілі Нұрділдә Ораз.
Алайда, Бауыржан Халиолла "Азаттық" радиосының тілшісіне берген қысқа сұхбатында өзіне үш адамның шабуыл жасағанын айтады.
Бауыржан Халиолла by Omirzhan Abdihalyh
Аудиожазба "Азаттық" радиосынан алынды
8 мамыр күні әлеуметтік желілерде Оралдағы айтыскер ақын Бауыржан Халиоллаға қастандық жасалды деген хабар желдей есті.

Janaozen.net сайты сол күні ақынның өзіне хабарласқан екен. Сайттың жазуынша, мамырдың 7-нен 8-не қараған түні, сағат 2-3 шамасында көлігінен түсіп келе жатқанда қара киінген 3 адам бірден келіп қоқан-лоққы көрсеткен. Артынша сөзге келмей, резеңке оқпен бір рет атып, екі жерінен пышақ ұрған. «Қараңғы түнде кімдер екенін анық көре алмадым. Тез қашып кетті. Қасымда адамдар да болмай қалды. Қазір бәрі жақсы, үйдемін. Дәрігерлерді қайтарып жібердім», депті сайт тілшісімен сөйлескен ақын.
Аталған сайт Халиолламен арадағы қысқа жауаптасудан кейін бірнеше минут өткен соң айтыскер ақыннан СМС хат келгенін, хатта: «Қасымда адамдар отыр, ештеңе айтпа деп» делінгенін жазалы.
Бұдан бұрын Қонаевтың 100 жылдығына арналған ақындар айтысында Бауыржан Халиолла билік пен билік басындағы азаматтарды сынай жырлаған еді.
Төменде Қонаевтың 100 жылдығына арналған ақындар айтысындағы Бауыржан Халиолла мен Балғымбек Имашевтың айтысынан үзінді беріп отырмыз.
"Абай-ақпарат"
Сурет және видео "Азаттық" радиосынан алынды