Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2594 0 пікір 7 Шілде, 2009 сағат 04:12

Құралай Рахымбай. Қазақ енді қайтпаса, қытайланады

Қытайдағы мәдениет төңкерісінен кейін-ақ мыңдаған қазақ отбасылары атамекенге қарай бет алған-ды. Ал елге қайтуға ұран тасталғалы, көш керуен тіпті көбейген. Қазір Қытайда 1,5 миллионға жуық қазақ бар. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, аспан асты еліндегі алты алаштың ұрпағы 2 миллионға таяған көрінеді. Іле, Баркөл, Ақсай қазақ автономиясындағы қазақтардың қоныстанған жері -  Тәңір тауының (Тянь-Шань) солтүстігіндегі Еренқабырға, Алтай, Тарбағатай таулары, Іле өңірі. Кіл табиғаты тамаша мекендер. Қытайдағы демографиялық саясатқа қарамастан, ондағы қазақтардың өсімі 1 жылда 25 мыңға жететін көрінеді. Ал Қазақстанның бөлінген квота жылына 1000 адамды көшіріп алуға ғана беріліп отыр.   Алайда бүгінде атажұртқа сағышыпен жеткендердің арасында салы суға кетіп кері көшіп жатқандары да бар. Бейресми деректер бойынша соңғы жылдары 101 200-ден аса қазақ сыртқа көшіп кеткен көрінеді.   Өйткені елге келгенмен етегіне сүрініп, құжат жинай алмай, көбі талай есіктің табалдырығын тоздырып, шаршаған. «Арық атқа қамшы ауыр» дегендей оның үстіне отанға оралғанмен, құшақ жайған үкіметтің әрекеті көңіл қуанта қоймайды. Ал Қытайда қалай?   

Қытай үкіметі ешқашан айғайға, қатыгездікке барған емес. Бәрін жымысқы саясатпен жөнге салуда. Мәселен, қытайдағы қазақтар үшін тәулігіне 24 сағат қазақша 2 телеарна, 18 сағат қазақша хабар тарататын радио берілген. Оған қоса, төте жазумен жарық көретін жиырмаға жуық газет-журнал тағы бар. Оның бер жағында, үй-жаймен, киім-кешек, азық-түлікпен  қамтамасыз етуге Қытай үкіметі барынша жағдай жасаған. Егер мемлекеттік қызметкер болсаңыз, бар шығын үкіметтің мойнында. Тіпті ем-дом қабылдайтын дәрі-дәрмегіңізге дейін сатып алып беруге дайын. Бірақ «алмақтың да салмағы бар». Осы арқылы Қытай аз ұлттарды асқан жылдамдықпен ассмлияциялау саясатын астыртын жүргізуде. Деректер бойынша Қытайда мыңнан аса қазақ мектебi болса, соңғы уақытта оның қақ жартысы қытай мектебiне айналып, 25 пайызы аралас мектеп қамытын киген. Оған қоса қазақтар қалың шоғырланған орталықтарға ханзу ұлты лек-легімен қоныс аударуда. Бұрын сирек кездескенмен, бүгінде ханзу ұлтына тұрмысқа шығып немесе үйленіп жатқан қазақтың қыз-жігіттері көбейген. Сондықтан алдағы 15-20 жылда ондағы қазақ өзінің ұлттық кескін-келбетінен айрылып қалуы қаупі бар.
Соңғы уақытта Бейжіңде, Астанада үкіметтік делгациялар бір емес, бірнеше рет кездесу өткізіп жүр. Алайда осы кездесулерде көші-қон туралы келісім шарт қаралмайды. Өзінің «мәңгілік досына»  қазақ мемлекеті мәселенің шетін шығарып, базына айтқан емес. Қытай үкіметі де жабулы қазанды жабулы күйінде қалдырып  келеді.
«Бармасаң, келмесең жат боласың» дейді қазақ. Егер Алтайдан жыл сайын келетін 1000 отбасын қанағат тұтып, басқасына бас ауытрпасақ күні ертең о жақтағы қандасымыздың қытайлық болып шыға келмесіне кім кепіл?! Көш керуеннің бұйдасы үзілер тұс осы болмақ.
Кезінде ағылшынның бір саясаткері «Ағылшынның мәңгілік досы да, мәңгілі қасы да жоқ, тек мәңгілік мүддесі бар» депті. Қазақтың да мәңгілік мүддесі бар. Ол - ұлтты сақтап қалу. Едеше, жер бетіндегі  қазақ түгел жиналмай тәуелсіздік баянды болмақ емес.

«Нұр Астана» апталығы.

0 пікір