Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6564 13 пікір 8 Маусым, 2021 сағат 13:10

Қазақстанның ендігі бітпес дерті — ваххабизм болуы мүмкін...

Әлемдік сарапшылар 2017 жылы Орта Азияда ДАИШ лаңкестік ұйымының ұяшықтарының жанданатынын айтқалы біраз болды. Әсіресе, оларды іштей қолдап, тілектес болып келе жатқан (алды тіпті Сирияға кетті) уаххабизм астауынан жем жейтін неосалафизм Қазақстанда гүлденіп тұр. Олардың тәкпіршілері осындай қанқұйлы әрекетін жасап жатса, матхалиттері биліктің түрлі бұтақтарында сайрап, журналист, блогер, ақын, т.б жұмыс жүргізіп кешегі қырғын жасаушыларға іштен тілеулестігін білдіріп отыр.

Өткенде жерге қатысты салафилердің матхалит тобының жарғақ құлақтары жастыққа тимей «ел тыныштығы» деп бір-бірінің аузына түкіргендей сайрап еді, енді елдің тыныштығы кетіп еді үн-түнсіз...

Қазақстанда билік салафиттермен ауыз жаласып отыр деген болжам түюге болады. Тіпті, кейбір жағдайларда президенттің жолдауы, жер мәселесі тағы басқа дүниелерде солардың блогер, журналистерінің пропагандалық жұмысты жұлқына істеуі көп нәрсені аңғартады...

Халық салт-дәстүр мен тарихыңды мансұқтайтын, қой терісін жамылған ваххабистерден әбден жалықты. Ерқашты болды. Оны соңғы жер мәселесінде анық көрдік. Жұрт кімнің кім екенін нақты біледі. Билікте кім отырғанын, парламентте кім отырғанын, қанша ақын, қанша журналист, (мемлекттік арналар мен басылымдарда да бар) қанша блогер, қанша әнші мен т.б. адамдардың осы дін атын жамылған саяси идеологияны ұстанатынын бес саусақтай біледі.

Қазақстан салафиттері өзінің идеологиясын жасап алды, ақпараттық насихатты шебер меңгерген. Сайттары бар, телеарнасы бар. Әлеуметтік желілер арқылы ұйымдасқан түрде жұмыс істейді. Біреу туралы пікір жазсаң шибөрідей талап жеуге дайын. Біреу бір пост жазса өзгелері жанталаса лайк басып, тоқтаусыз бөлісе жқнеледі.

«Ислам мемлекеті» деп өздеріне айдар таққан атышулы ұйымға тілеулес топтардың Қазақстандағы лидерсымақтары әлі тайраңдап жүр...

Неге батыста атыс болды? Осы тұста ДАИШ лаңкестік ұйымы Сирия мен Ирактағы маңызды мұнай қорларын қолдарына алып, ондағы шикізаттарды заңсыз жолмен сатып ақша тауып отырғанын еш ұмытпауымыз керек.

Бір нәрсе анық, бұлардың жүрегі Қазақ, Қазақстан деп соқпайды, бұлар өздерінің иелеріне қарап ұлып отыр, ДАИШ-тың тезірек келгенін қалайды.

Біздің Отанымыз осы жер — Қазақстан, тыныштық керек. Олар ертең бір-ақ күнде ар жаққа тайып тұрады.

Айтпақшы, Ауғанстандағы Талибан ұйымын ығыстырып, орынын басып Орта Азияда үкімін жүргізуді көздеп отырған ДАИШ астыртын жұмысын күшейтті. Олардың әрбір мүшесіне төленетін айылығы орташа 400 доллар болса, былтыр оны арттырды деген мәліметтер тарады.

Бізде қаншама адам жұмыссыз, жұмыссыз жүрсе де дөңкиген Джип мініп, шалқып үш-төрт әйел құшып жүргендер жетеді...

Жалпы салафиттікке қатысы бар билікте отырған, өзге де осы топтың осындағы ұйым лидерлерінің дүние-мүлікті қайдан алып отырғанын құзыретті органдар жедел түрде мұқият тексеру керек.

Бұларға шетелден ағып келіп жатқан қаржы ағымы бар. Бұларды құтыртып отырған да сол ырғын ақша...

Өкінішістісі, осы тақырыпты білетін бірде бір білікті маман жоқ

Ел тыныш болсын...

Дәулеткерей Кәпұлының жазбасы

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366