Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2289 0 пікір 11 Мамыр, 2012 сағат 10:36

Жас ғалымдар аға буын профессорларының «көлеңкесінде» қалып қоюда

Жастар ғылым саласында бар мүмкіндіктерді толық пайдалана алмай жүр.

Бұл туралы бүгін С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дің 55 жылдығына арналған «Жас ғалымдардың Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуындағы рөлі» атты форумында университет ректоры Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.

«Мемлекеттің алдына қойған міндеттерін іске асыруда, белгілеген мақсаттарға жетуде жастарға артатын үміт мол. Бірақ, әлі де болса жастар, әсіресе ғылым саласында, бар мүмкіндіктерді толық пайдалана алып жүр деп айта алмаймыз. Аға буын доктор, профессорлардың көлеңкесінен шығып, қанаттарын еркін сермеп ұшып кете алмай жүр. Мамандардың пайымдауынша, елдегі ғылым докторларының  48 пайызының жасы 60-тан асқан. Жалпы, ғалымдардың орта жасы елу бесте», - дейді А. Күрішбаев.

Ректор форум барысында Елбасының қолдауымен ғылымды қаржыландыру үздіксіз өсіп келетіндігін ерекше атап өтті.

«Ғылыми зерттеу жұмыстарына 2011 жылы бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 28,8 миллиард теңге болса, ал 2012 жылы бұл көрсеткіш 49 миллиард теңгеге жетті, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 70% артық. 2015 жылы ғылымға бөлінетін қаржы жалпы ішкі өнімнің  1%, ал 2020 жылы 1,5%-ға дейін жеткізіледі деп жоспарлануда», - деп қорытындылады сөзін А. Күрішбаев.

Айта кетейік, форум Астана қаласындағы жоғары оқу орындары жас ғалымдарының ғылыми және зерттеу қызметі саласындағы ынтымақтастығын әрі қарай дамыту мақсатында өтті. Оның барысында Астана қаласының ЖОО-лары арасында ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол жеткізілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475