Бейсенбі, 10 Сәуір 2025
Билік 4350 0 пікір 11 Маусым, 2021 сағат 13:01

Мәжіліс ЕАЭО халықаралық келісімдерін қарайды

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттар қарауына бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарау ұсынылды. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения және Қырғыз республикаларының қосылуына байланысты өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобалары.

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында мемлекеттік сатып алу мәселелері туралы заңнамалық түзетулерді II оқылымда қарау көзделген.

Сондай-ақ, алдағы жалпы отырыста Палата комитеті Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобаларын жұмысқа алмақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1704
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4461
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3454