Астанада театрға шенеуніктер келмейді - режиссер Н.Жақыпбай
АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Сәуір айының соңғы аптасында Астана қалалық Жастар театры құрылғанына 5 жыл толуына орай, әкемтеатр сахнасында алматылық көрермендерге есеп берді.
Театр ұжымы алты күн қатарынан көрерменге «Шөл үстіндегі өлі тыныштық» (Ш.Айтматов, Ә.Кекілбай), «Ғайыптағы махаббат сазы» (Д.Саламат), «Диляфруздың төрт күйеуі» (Т.Миннуллин), «Меккеге қарай ұзақ жол» (С.Раев), «Кармен» (Бизе-Щедрин), «Ревизор» (Гоголь) қойылымдарын ұсынды.
«Алматы ақшамы» газетінің тілшісі Роза Әренге ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Астана қалалық Жастар театрының бас режиссері Нұрқанат Жақыпбай сұхбат берген (басылымның сенбі, 12 мамырда шыққан саны).
Тілшінің: «Астана ресми қала ғой. Онда театрға негізінен кімдер келеді?», - деген сұрағына Н.Жақыпбай: «Ол жақта театрға шенеуніктер келмейді. Біздің негізгі көрермендеріміз - студенттер мен жоғары сынып оқушылары. Арасында кәдімгідей жанкүйер болып алған фанат жастар бар. Олар театрдың әртістерімен ғаламтор арқылы тілдесіп, қойылым уақытын сұрап, бәрінен хабардар болып отырады», - деп жауап берді.
Сондай-ақ театрдың бас режиссері, Астана жастарын мәдени-рухани азықтандырып жүрген ұжым актерлары шетінен баспанамен қамтамасыз етіліп жатқанын айтты.

«Қазір бәрі дұрысталды. Әртістер театрға екі лекпен келген-ді. 2007 жылы театрға алғаш келген әртістер биыл үй алды. Қазір жарты труппаның үйі бар. Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов бізге жаңа Оқушылар сарайының ішінен 500 орындық театр берді. Қазір ең соңғы техникамен жабдықталған театрдың репетиция залында дайындалып жүрміз. Жақын аралықта сонда жаңа премьераларымызды қоямыз. Балалардың жалақысы жақсы, көліктері, үйлері де бар. Әртіске одан артық не керек? Жағдайды жасап берді, енді бізге жақсылап еңбек ету ғана қалады», деп ауыз толтырып жауап берді Н.Жақыпбай.