Сенбі, 19 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2299 0 пікір 14 Мамыр, 2012 сағат 13:33

Қазақстанның сыртқы борышы 123,8 млрд. долларды құрады - Болат Жәмішев

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат -  2012 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш пен барлық нысандағы меншік субъектілерінің борыштарын қамтитын Қазақстанның жалпы сыртқы борышы 123,8 млрд. долларды құрады.

Бұл жалпы ішкі өнімнің 66,6 пайызына тең. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі «Мемлекеттік кепілдік берілген және квази мемлекеттік борышты басқару тақырыбындағы Үкімет сағатында Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай мәлімдеді.

«Қазіргі таңда барлық елдердің сыртқы борышының жиыны 59,4 трлн. доллармен бағаланады. Ал, әлемдік елдермен салыстырсақ, Қазақстанның борышы көлемі бойынша 36-шы орында тұр. Ал, жалпы ішкі өнімге шағып қарағанда, әлем елдерінің сыртқы борыштарының жиыны 98 пайызға бағаланады. Осы мәндерді белгілеуде Қазақстан 43 позицияны иеленіп отыр»,-деді Қаржы министрі Болат Жәмішев.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанның борыштарының жалпы ішкі өнімге қатынасы осыдан 10 жыл бұрынғы деңгейге дейін төмендеген.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2046
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4903
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4106