Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2121 0 пікір 15 Мамыр, 2012 сағат 12:22

Азаматтардың дербес мәліметтері заң арқылы қорғалады

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Дербес мәліметтер туралы» және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне дербес мәліметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының таныстырылымы

болып өтті.

Ескере кететін жәйт Қазақстан Республикасының 2016 жылға дейінгі Ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы бойынша «Электрондық Үкімет» құрамына енгізілген мемлекеттік мәліметтер базасын қорғаныстық жағдайына тексерулер жүргізілген болатын. Ол бойынша ел азаматтарының дербес мәліметтерінің қорғаныс жағдайы құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық режиммен қамтылмағаны айқындалған. Ал мұндай механизмдердің болмауы азаматтардың дербес мәліметтерін криминалдық мақсаттарға, оның ішінде жалған құжаттар жасауға, алаяқтыққа, әр түрлі мәліметтер базасын заңсыз көшіріп басу мен заңсыз таратуға алғышарт қалыптастырады.

Осыған орай Үкімет ұсынған заң жобасымен адамның және азаматтың дербес мәліметтерін өңдеу барысында оның құқы мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіздерді қалыптастыру көзделеді. Оның ішінде азаматтың өміріне, жеке және отбасылық құпиясына қол сұқпаушылық құқығы қарастырылатын болады.

«Бүгінгі күні Қазақстан заңнамасында «Дербес мәліметтер» ұғымын анықтайтын ортақ термин жоқ. Сонымен қатар қолданыстағы қазақстандық заңнамалар мен дербес мәліметтерді оның ішінде биометрикалық мәліметтердің құқықтық жағдайы зерттелмеген. Сондықтан да дербес мәліметтерді жинауға, оларды алуға және пайдалануға байланысты қатынастар құқықтық зерттеуді қажет етеді», - деді жиынды ашып сөз сөйлеген заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5517