Сенбі, 23 Қараша 2024
2312 2 пікір 21 Маусым, 2021 сағат 12:33

Бюджеттен 570 миллиард теңге тиімсіз жұмсалған

2020 жылы бюджеттен 570 миллиард теңге тиімсіз жұмсалған. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында есеп комитетінің төрайымы Н.Н. Годунова мәлімдеді. 

Оның айтуынша, пандемияның салдарын жеңілдету үшін бөлінген қаражат уақытында жұмыс істемеген.

«2020 жылы бөлініп, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 570 млрд. теңгені құрады. Бұған республикалық бюджетке қаражатты қайтару да, қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат қалдықтары да кіреді. Сондай-ақ барлық мемлекеттік аудит органдары, соның ішінде дағдарысқа қарсы ресурстардың жұмсалуы бойынша анықтаған бұзушылықтар да бар. Нәтижесінде бұл ақша пандемияның салдарын жеңілдету үшін уақытында жұмыс істемеді. Тек бұл ғана емес»,- деді есеп комитетінің басшысы.

Сондай-ақ, ол сыртқы қарыздарды тиімсіз тартқаны және пайдаланғаны үшін, сондай-ақ оларды уақтылы игермегені әрі күшін жойғаны үшін дербес жауаптылықты қатаңдату талап етілуі тиіс дейді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435