Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2320 0 пікір 15 Мамыр, 2012 сағат 12:29

Қазақстан ақпараттық қоғамдастық мәселелер жөніндегі Бүкіләлемдік кездесу форумына қатысты

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан ақпараттық қоғамдастық мәселелер жөніндегі бүкіләлемдік кездесу форумына қатысты.

Онда ақпараттық коммуникация технологиялары саласының мамандары саладағы жаңалықтар мен болашақ жобалары бойынша өзара пікір алысып, тәжірибелерімен бөлісті, әріптестік орнату мақсатында бас қосты. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жоғары деңгейдегі Бүкіләлемдік кездесулер 2003 жылы Женевада, 2005 жылы Тунисте өткізілген болатын. Содан кейінгі кезеңде, «Ақпараттық қоғамдастықты құру - жаңа мыңжылдықтағы ғаламдық міндет» атты Декларация принциптері әзірленіп қабылданған соң  шара жыл сайын өткізіле бастады. Форум аясында қазақстандық делегация ақпараттық қоғамды дамыту саласы бойынша өз жетістіктерін жариялаған көрмеге қатысып, «Қазақстанда электрондық үкіметті дамыту және ақпараттық қоғамды құру» атты семинар ұйымдастырды. Семинар барысында «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Бикеш Құрманғалиева және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Руслан Еңсебаев электрондық үкіметті құру және дамыту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Айта кетерлігі, Қазақстан БҰҰ-ның рейтингісінде «электрондық үкіметті» дамыту бойынша қарқынды түрде дамып келе жатқан ел ретінде көпшілік тарапынан қызығушылық тудырды.

Естеріңізге салып өтейік, БҰҰ-ның соңғы рейтингісіне сәйкес «е-қатысу» индексі бойынша 190 елдің арасында Қазақстан мен Сингапур 2-ші орынды бөліскен болатын. Ал «Электрондық үкіметті дамыту» индексі бойынша Қазақстан ағымдағы жылы 38-ші орынға көтерілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1485
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5515