Қарағандыдағы «Бесоба» ТК-дегі үйдің опырылып құлауына құрылыс компаниясы кінәлі деп танылды
ҚАРАҒАНДЫ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды қаласындағы «Бесоба» тұрғын үй кешеніндегі үйдің опырылып құлауына алып келген техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың орын алу себептерін тергеу актісі көпшілікке жария етілді.
«Төтенше жағдайдың орын алуының басты себептері: тапсырыс берушінің (құрылысты жүргізуші) нақты инженерлік-геологиялық мәліметтерді қамтамасыз етуде, бастапқы деректерді жинау кезеңінде лицензияланған жобалық ұйымды тартуда, кешенді жобалау және нөлдік циклды (2005-2006 жж.) салуда өз міндеттеріне салғырт қарағандығы болып отыр», - делінеді Қарағанды әкімдігінің ресми сайтында жарияланған ТЖ себептерін тергеу актісінде.
Қорытындыларға сәйкес, жіберілген өрескел бұзушылықтар, сондай-ақ «осындай геологиялық мәліметтермен осыған ұқсас жобалар бойынша салынған» бүтін «Бесоба» тұрғын үй кешенінің қалыпты жағдайына қауіп төндіруде.
Сарапшылар үйдің бір бөлігінің опырылып құлауының негізгі техникалық себептері ҚР «Ғимараттар мен құрылыстардың негіздері» құрылыс нормалары мен ережелерінің бұзылуы болғандығын атап көрсетті.

№ 7 үйдегі екінші блоктың апаттық жағдайын үдете түскен қосымша техникалық себептер: бетон беріктігінің жеткіліксіз болуы, ғимараттың көлденең бағытта тиісті беріктігінің болмауы», - делінеді актіде. Сарапшылар анықтағандай, № 7 үйдегі екінші блоктың конструктивтік шешімі жұмыс жобасына толығымен сәйкес келмейді.
Естеріңізге сала кетейік, 6 сәуір күні Қарағандының «Бесоба» шағынауданында үлескерлердің қаражатына үш жыл бұрын салынған бес қабатты тұрғын үйдің 4 кіреберісі бар блогы опырылып құлады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Аталмыш тұрғын үйде 1 сәуір күні салмақ түсетін негізгі құрылыс конструкциялары бұзылған болатын.
Апатты үйден 138 адам көшірілген еді. Қарағанды әкімдігінің 3 сәуірдегі өкімімен аалдын ала шаралар кешенін орындау үшін үйге ТЖ режімі енгізілді.
Қарағандыда «Бесоба» шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің бір бөлігінің опырылып құлау фактісі бойынша мамандандырылған прокурор ҚР ҚК-нің 307 бабы (Қызметтік өкілеттігіне қиянат ету) бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін үйлерді салған құрылыс ұйымдарына қатысты ҚР ҚК-нің 245 бабының 2 бөлімімен («Ауыр зардаптарға соқтырған сапасыз құрылыс») қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала бағалау бойынша, опырылып құлаған үйдің тұрғындарына келтірілген шығын 545,3 млн. теңгені, соның ішінде жоқ болған пәтерлердің бағасы - 328,8 миллион теңгені құрайды. Қаланың билік өкілдері зардап шеккен адамдардарға әртүрлі мәнді үй ұсынуға уәде беруде.
Үйдің құрылысымен айналысқан «Сервиспромснаб» ЖШС-нің директоры Андрей Маляновқа қатысты қаржы полициясы үлескерлерді алдау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу үстінде. Алданған үлескерлердің ақшасын жымқырып, бой тасалап жүрген компания басшысына іздеу салынды.