Алматыны абаттандыруға 14,1 млрд теңге жұмсалады
2021 жылы Алматыда 14 миллиардтан астам теңгеге жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр. Бұл туралы LS сайты мәлімдеді.
Оның ішінде 4,6 млрд.теңге экожүйе объектілерін дамытуға бағытталады. Сондай-ақ, Тіксай мен Жарбұлақ өзендерінің учаскелерін қалпына келтіруге 1,8 миллиард теңге, ал Жамақаев көшесінен әл-Фараби даңғылының үстіндегі су қорғау белдеуі мен Есентай өзенінің арнасын жөндеуге 1,4 миллиард теңге қажет. Кіші Алматы өзеніндегі су арнасының Достық даңғылына дейінгі бөлімдерін қалпына келтіруге тағы 871 млн.тг қажет. Сондай-ақ, Мақатаев көшесіне дейінгі гидротехникалық құрылыстарды күрделі жөндеу жоспарланған.
Тоғандарды қалпына келтіруге және абаттандыруға 334,8 млн. Ал Сайран көлін қайта құрудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 158 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ, үш жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді, олардың әрқайсысына шамамен 30 миллион теңге жұмсалады.
Тағы 3,4 миллиард қоршаған ортаны жақсартуға жұмсалады, оған ағаш отырғызу, жасыл желектерді бақылау, оларға күтім жасау, субұрқақтарды жөндеу және т.б. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерге 2 млрд.тг бөлінеді.
Қаланы абаттандырудың өзі биыл 2,9 млрд.тг қажет етеді. Оның ішінде 1,1 млрд.теңгеге Түрксіб ауданындағы Маяк тоғайын көгалдандыру қажет. Қалған қаражатқа 15 жобалық-сметалық құжаттама, екі жоба әзірлеп, жағалауды жақсарту жоспарланған.
Су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға 820,9 миллион теңге, ал ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп-ұстауға 442,6 миллион теңге бөлінген.
Abai.kz