Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
4520 1 пікір 23 Маусым, 2021 сағат 12:51

Путин миға микрочиптер енгізбек

Ресей үкіметі миға микрочиптер енгізу жөніндегі бағдарламаны дамыту үшін 54 млрд рубль бөлмекші. "Ми, денсаулық, интеллект, инновация" деп аталатын бағдарламаны білім және ғылым министрлігі қолға алып жатыр.

Бұл жобаны ел президенті Путин мақұлдады. Оған қызының да қатысы болуы мүмкін.

Аталған жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобы да құрылған деп жазады "Коммерсантъ" газеті. Бұл жоба сонымен бірге ми ішіндегі электр сигналдары арқылы сыртқы құралдарды бақылауға арналған нейроинтерфейс технологияларын дамытуды да қолға алады.

Мысалы, ұшақ, көлік және атом электр станцияларын басқару үшін "адам – техника" интерфейстерін жасау қолға алынған деп жазады "Коммерсантъ" бағдарлама құжатына сілтеме жасап.

Осыған дейін Ресей ақпарат құралдары жасанды интеллект жобасын әзірлеуді МГУ-де президент Владимир Путиннің қызы Катерина Тихонова қолға алғанын жазған.

2018 жылдың желтоқсан айында ол бірінші рет мемлекеттік телеарнада оның "Иннопрактика" даму институтындағы нейроорталық жайындағы сюжетте көрінген. Ол сюжетте миға енгізілген электр чиптері арқылы адамның түпсанасын бағдарламалауға мүмкіндік берілетіні айтылған.

2020 жылдың ақпан айында "Ведомости" газеті МГУ жанындағы интеллект мәселелерін зерттеу институтын Тихонова басқаратынын жазған. Бірақ бұл мекеменің құрылғаны жөнінде ресми жарияланбаған.

Нейроинтерфейстер технологиясын дамыту – әлемдік ғылымда болашағы бар бағыт. 2021 жылы сәуір айында бұл салада Илон Маск Neuralink стартапын жариялаған. Ол миына чип енгізілген маймылдың Pong классикалық ойынды ойнағанын көрсеткен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1124
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2659
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 743