Сенбі, 23 Қараша 2024
2940 1 пікір 23 Маусым, 2021 сағат 14:33

Бекшин үндеу жасады: Вакцина алыңдар!

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин РСК-да өткен брифингте қала тұрғындарын жаңа "дельта штамын" жұқтырмас үшін вакцинациялауға шақырды. "Дельта-штамм" дегеніміз халықаралық негізде үнді штаммы деген атпен белгілі. Қазіргі таңда аталмыш штамм әлемнің 90 елінде анықталған. 

Алматы қаласында коронавирусты екінгі қайтара жұқтырған 32 жағдай тіркелген. "Сондықтан да қауіпті инфекциямен, әсіресе оның штамдарымен ауырмау үшін коронавирусқа қарсы вакцина алу керек", - деді Бекшин. Бекшин ауруды болдырмауға және өлімді төмендетуге вакцина ғана көмектеседі деп баса айтты. Алматыда осы уақытқа дейін 386222 адамға вакцина егілген. Өткен тәулікте 5840 адам ковидке қарсы вакциналар алды. 60 жастан асқан вакцинацияланған адамдардың жалпы санынан 49314 адамды құрайды.

Бас санитар үнді штамының белгілерін де атап өтті. "Негізінен бұл штамды жастар жұқтырады. Негізгі белгілері - бас ауруы, мұрыннан су ағу, тамақ ауруы, жоғары температура. Сонымен қатар, әдетте иіс сезімі жоғалып кетпейді және жөтел болмайды", - деді ол.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371