Шавкаттың жекпе-жегін өткізіп алмаңыз
Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов (13-0) 26 маусымда UFC-де екінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы бразилиялық Мишел Празерис болады. Жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 190 турнирінде өтеді.
Турнир Нұр-Сұлтан уақытымен 23.00-де басталады. Басты жекпе-жек 27 маусымда түнгі сағат 2-ге жоспарланған. Рахмоновтың жекпе-жегі түнгі 12.30-дан 1.30-ға дейін өтуі мүмкін.
UFC Fight Night 190 көрсетілімін UFC Fight Pass ақылы сервисінен және UFC ТВ ресми арнасынан көруге болады (Қазақстанда тек tvcom-да көрсетіледі).
39 жастағы Мишел Празерис UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 2019 жылы өткізген. Сол кезде төрешілердің бірауызды шешімімен Австриядан келген бразилиялық Исмаил Наурдиевтен жеңіліп қалған.
2019 жылдың наурызында Празерис америкалық USADA допингке қарсы агенттігі тыйым салған анаболикалық препараттарға екі рет сынама тапсырып оң нәтиже көрсеткен. 2021 жылдың наурызында Мишелдің тыйым салынған мерзімі аяқталды.
Рахмоновтың қарсыласы 26 жеңіске жеткен. Сондай-ақ, Мишельдің активінде бір нокаут және төрешілердің шешімімен 14 жеңіс бар. 11-інде қарсыласы берілген.
Шавкат Рахмонов былтыр қазанда UFC 254 турнирінде дебют жасаған болатын.
Abai.kz