Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2106 0 пікір 17 Мамыр, 2012 сағат 11:11

«ҰЛТ TIMES» ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АПТАЛЫҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Қазақстан Республикасы,

Астана қаласы, А.Иманов, 13

Тел: 8 (7172) 73-15-34

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

АСТАНА - 2012. Мамырдың 17-і күні қазақ баспасөзі тағы бір талғамы биік, талабы зор апталық газетпен толықты.

Құндылықтардың қадірі қашып, қолымыздағы барды қастерлей алмай жүрген мына қоғамда «ҰЛТ TIMES» деген атпен әр бейсенбі сайын шығатын басылымның негізгі мақсаты қандай деген сауалдың туындауы заңды. Себебі қазір не көп, газет көп.

Ынтымағы жарасқан қоғам ыдыраудың сәл-ақ алдында тұр. «Бірлігі жарасқан» біздің жұрт бөлшектенуге бет түзеген тәрізді. Жүзге бөлінген жікшілдік жершілдікке ұласып, одан қалды шаптан түртер «шалақазақ» проблемасы шығып жатыр. Жон арқамызға жара боп түскен Жаңаөзен оқиғасы да билік пен бұқараның арасына сына болып қағылғандай...

Сындарлы шақта оң-солын айтады-ау деген оппозицияның да оңдырып жүргені шамалы. Қадау-қадау мәселені қадап айтатын қадірі болмай тұр.  Өз ішінен ыдырап, қырықпышақтанып кетті. Бұрынғының бас болар от тілді, орақ ауызды би-шешені де жоқ. Шетінен түгел мәймөңке, әрі жәдігөй! Қайтпек керек? Біз осы тұста қажетпіз-ау! Рас, дәп осы тұста «ҰЛТ TIMES» бой көрсетсе дейміз! Ұлтты ұйыстыра алатындай үнпараққа айналсақ деп армандаймыз. Қоғамның қордаланып қалған қоңыр тірлігін қолдан келгенше көтеруге күш салсақ деп үміттенетін «ҰЛТ TIMES»-тың арманы асқақ.

Газет бетіндегі қосымша айдарлардың қос сөздерден құралуы газеттің өзіндік ерекшелігін айқындайды. Басылымның алғашқы санына «Жай-жапсар» айдарымен «Абайға әсіре әспеттің қажеті жоқ», «Қадір-қасиет» айдарында «Әжелеріміз әу десе, әлем-жәлемдерің әдіре қалады», «Қым-қуыт» айдарында «Қазақ буржуазиясы», «Бүге-шіге» айдарында «Өкпесі қысылған Алматы», «Әл-ауқат» айдарында «Қаржы дағдарысы-2: Мәсімов Үкіметі нені ескеруі керек?» атты мақалалар кетіп барады.

«Нақпа-нақ», «Әңгіме-дүкен», «Қым-қуыт», «Әл-ауқат», , «Тағдыр-тауқымет», «Түп-тұқиян», «Ел-жұрт», «Салт-сана», «Жайма-шуақ»  сынды газеттегі бет атаулары қоғамның түйіткілді мәселелерін көтеруді мақсат тұтады.

«Times» деген атауында тұрғандай, қазақтың Ұлт сағаты соқты! «Ұлт  Times»  ұлтымыздың оянар уақыты келгенін білдірсін десеңіз, бізге тілеулес бол, ағайын!!!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525